XIII –XVI ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТЕРІ
Мемлекет атауы
|
Ақ Орда
|
Моғолстан
|
Әбілхайыр хандығы (көшпелі өзбектер мемлекеті)
|
Ноғай ордасы
|
Қазақ хандығы
|
Тарихи шеңбері
|
1320-1428
|
1348-1514
|
1428-1468
|
1396- XV ғасырдың ортасы
|
1465 – 1466 жылдардан
|
Негізін қалаушылары
|
Орда Ежен
Сасы бұқа-алғашқы ханы
Орыс хан тұсында Алтын Ордадан бөлініп шықты
|
Әмір Болатшы
Тоғылық Темір алғашқы ханы
|
Әбілхайыр
|
Едіге
Нұрадиннің тұсында Алтын Ордадан бөлініп шықты
|
Керей мен Жәнібек
|
Территориясы
|
Аралдың солтүстік-шығысы, Сырдариядан Есіл, Сарысу өзендеріне дейін, Ертіс өзені, Алтай тауларынан Жайық өзеніне дейін
|
Солтүстігінде Балқаш, батысында Түркістан, оңтүстігінде Ташкент, Фергана, шығысында қалмақ жерімен шектеседі
|
Батысында Жайықтан, шығысында Балқаш көліне дейін, Ертіс, Тобыл өзендерінен оңтүстіктегі Сырдарияның Аралға құяр тұсына дейін
|
Еділ мен Жайық өзендерінен Қазан мен Түменге дейін
|
Бастапқы алып жатқан жері – Шу мен Талас өзендерінің аумағы
|
Астанасы
|
Сығанақ
|
Алмалық
| |
|
Сығанақ
Түркістан (XVI ғасырдан бастап)
|
Саяси жағдайы
|
Орыс хан кезінде күшейді
XIV ғасырдың 70 жылдарында Алтын Ордадан Қажы Тарханды өзіне қаратты
1374-1375 жылдары Сарай Беркені тартып алды
Ақсақ Темір шапқыншылығы
|
1371-1372 жылдары, 1375-1377 жылдары, 1380 жылы Әмір Темір жорық жасады
Ішкі талас-тартыс
Қазақ хандығы күшейді
|
1446 жылы Әмір Темірдің ұрпақтарынан Созақ, Сығанақ, Аққорған, Үргеніш қалаларын алды
1456-1457 жылдары ойраттардан жеңілді
XV ғасырдың 50 жылдарында Керей мен Жәнібек Моғолстанға кетті
|
XV ғасырдың басында күшейді
Ресей Қазан, Астрахань хандықтарын жаулап алған соң бірнеше дербес иеліктерге бөлініп кетті
Еділдің шығысындағы тайпалар Кіші жүзге кірді
|
XVI ғасырдың I ширегінде Қасым хан тұсында күшейді
Тәуке хан тұсында біртұтас мемлекет болды
|
XV – XVI ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУ ЖҮЙЕСІ
Сатылары
|
Басқарудың
Ұлттық жүйесі
|
Бірігудің түрлері
|
Басшысы
|
Басшының міндеттері
|
Басшының
негізгі
қасиеттері
|
1
|
Ауыл
|
Туыстас, қандас жақын адамдардан немесе бірнеше отбасынан
|
Ауылбасы
|
Ауылдастарының шаруашылығын басқару, маусымдық көші-қон уақытын белгілеу, адам, көлік күшін дұрыс пайдалану, салықтың уақытында төленуін қадағалау
|
Білгір, тәжірибелі, саяси беделге ие, ауқатты
|
2
|
Ата - аймақ
|
Жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан
|
Ақсақал
|
Шаруашылықты, алым-салықты қадағалау, ақсақалдық шешімін екі айтқызбай орындап отыруы (Ақсақалы бар ауыл азбайды)
|
Жоғары мәртебеге ие, жасы келген
|
3
|
Ру
|
10 немесе 15 аймақтан
|
Рубасы
|
Рудың тағдыры рубасының тапқырлығы мен қабілетіне тікелей байланысты
|
Көпті көрген, мол тәжірибелі, білікті, білгір
|
4
|
Арыс
|
Бірнеше рудан
|
Би
|
Бүкіл қауым бидің билігін орындауға міндетті, би әділетті болу керек (Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ)
|
Әділ, шешен, ақыл – кеңес бере алатын
|
5
|
Ұлыс
|
Бірнеше арыстан
|
Сұлтан
|
Ұлыс ішіндегі жер, барымта, алым-салық, әскер, көші-қон мәселелерімен айналысты. Халықтың жағдайы сұлтанның қабілеті басқаруымен байланысты
|
Ақсүйектер әулетінен.
|
6
|
Жүз
|
Бірнеше ұлыстан
|
Хан
|
Жер мәселесі, әскер, ішкі, сыртқы тұрақтылық, сот мәселесінің барлығы ханның тікелей араласуымен жүзеге асырылып отырды
|
Тек қана хандар әулетінен
|
7
|
Хандық
|
Үш жүзден
|
Қаған
(ұлы хан, хандардың ханы)
|
Үш жүздің жер, дау-дамай мәселелерін шешті. Хандықтың сыртқы саяси жағдайын қадағалады. Алайда үш жүз арасындағы алауыздық, сыртқы саяси жағдай қағандардың билігіне нұқсан келтірді
|
Ақсүйек
шонжарлар
|
XVIII-XIX ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ХАЛЫҚ КӨТЕРІЛІСТЕРІ
Жылдары
|
1783 - 1797
|
1836 - 1838
|
1837 - 1847
|
1868 - 1869
|
1870
|
Басшылары
|
Сырым Датұлы – байбақты руының старшыны
|
Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы-беріш руының старшындары
|
Кенесары Қасымұлы
(Абылайдың немересі)
|
Беркін Оспанұлы, Сейіл Түркібайұлы - рубасылары
|
Досан Тәжұлы, Иса Тіленбайұлы - бақташылар
|
Көтеріліс болған жерлер
|
Кіші жүз
|
Еділ мен Жайық аралығы
|
Бүкіл Қазақстан
|
Орал және Торғай облыстары
|
Маңғыстау облысы
|
Қозғаушы
күштері
|
Қарапайым көшпенділер, шаруалар, би, старшын, батырлар
|
Қазақ шаруалары, старшын, билердің бірқатар өкілдері
|
Қазақ шаруалары, ірі ақсүйек өкілдері (80-нен астам сұлтан, би, батыр, старшын)
|
Қазақ шаруалары, феодалдық жеңілдіктерінен айырылған рубасылар
|
Малшылар, жалдамалы жұмысшылар
|
Қатысқан рулары
|
Шекті, төртқара, қаракесек, шөмекей, кете, алаш, серкеш, таз, байбақты, беріш, табын, жағалбайлы
|
Ноғай, қызылқұрт, байбақты, жаппас, адай, беріш, есентемір, алшын, серкеш
|
Қыпшақ, төртқара, жағалбайлы, шекті, алшын, керей, жаппас, бағаналы, табын, арғын
|
Осы өңірді мекендеген рулар
|
Адай
|
Мақсаттары
|
Жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру
Орал казак әскерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату
Нұралы хан т.б. ақсүйектердің озбырлығына шек қою
|
Жәңгір ханның озбырлығына шек қою
Алым-салық мөлшерін азайту
Шонжар феодалдардың билеп-төстеуінің қүшеюіне қарсы күрес
Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту
|
Қазақстанның Ресейге қосылып үлгермеген жерлерінің дербестігін сақтау
Қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату
Оңтүстікті қоқандықтардан азат ету
|
Антифеодалдық сипаттың болуы
Салықтың шектен тыс көбеюі (шаңырақ және земство салығы)
Патша үкіметінің жерді мемлекеттік меншік деп жариялауын тоқтату
|
Патша жазалаушы отрядтарының адайлықтар көшіп-қонып жүрген аймаққа жақындауын тоқтату
Адайлықтарға салынған салық мөлшерінің көптігін ауыздықтау
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |