Алғашқы әскери дайындық пәнінен оқу – әдістемелік кешен Әйтеке би кенті -2017ж. Бекітемін



бет46/126
Дата30.11.2023
өлшемі0,63 Mb.
#194268
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   126
Байланысты:
Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша кешен

Соққыш – ағытқыш механизм шүріппені ұрыстық қайырмадан немесе автоағытқыш қайырмасынан босату үшін, соққышқа соққы беру үшін, автоматты не жекелей атыс жүргізілуін, атуды тоқтатуды қамтамасыз ету үшін, бекітпе жабылмаған кезде атысты болдырмау үшін және автоматты сақтандырғышқа қою үшін қызмет етеді. Ол ұңғы қорабында орналасады, онда бірін-бірі алмастыратын үш осьпен бекиді және соққы серіппелі шүріппеден, серіппесі бар шүріппе баяулатқышынан, ағытқыш ілмектен, серіппесі бар жекелей ату дөңесінен, серіппесі бар автоағытқыштан, ауыстырғыштан және түтікті осьтен тұрады.
Ұрыстық серіппесімен қоса шүріппе соққышқа соққы беру үшін қызмет етеді. Шүріппеде ұрыстық қайырма, автоағытқыш қайырмасы, шетмойын және оське арналған тесік болады.
Ұрыстық серіппе шүріппесінің шетмойнына кигізіліп, өз ілмегі арқылы шүріппеге, ал ұштарымен – ағытқыш ілмектің тікбұрышты шығыңқыларына әсер етеді.
Шүріппе баяулатқышы автоматты атыс жүргізу кезінде оқтардың шоғырлана тиюін жақсарту мақсатында шүріппенің алға қозғалуын баяулату үшін әсер етеді. Онда алдыңғы және артқы шығыңқылары осьі, серіппе және бекіткішке арналған тесіктері болады.
Ағытқыш ілмек шүріппені ұрыстық қайырмада ұстауға және шүріппені ағытуға арналған.
Жекелей атыс дөңесі шүріппені жекелей атыс кезінде ағытқыш ілмек босатылмаған болса, атыстан кейін шеткі артқы жағдайда ұстау үшін қызмет етеді.
Автоағытқыш түйдектете ату кезінде шүріппені автоағытқыш қайырмасынан автоматты түрде босату үшін, сондай-ақ ұңғы арнасы мен бекітпе жабылмаған кезде шүріппенің ағытылуына жол бермеу үшін қызмет етеді.
Ауыстырғыш автоматты түрде және жекелей атуға немесе сақтандырғышқа қою үшін қызмет етеді.
Құндақ автоматпен қимылдау кезінде ыңғайлы болу үшін және қолды күюден сақтау үшін қызмет етеді. Ол ұңғыға астынан қосқыш жалғастырғыш көмегімен және ұңғы қорабының ұясына кіретін шығыңқы арқылы ұңғыға бекітіледі. Құндақта сүмбіге арналған тесік болады. Құндақтың артқы жағында ойық пен ойма болады, оған тілімшелі серіппе орналастырылады. Серіппе құндақтың бойлық қозғалысын болдырмауға арналған. Құндақ пен ұңғы бастырмасындағы ойықтар атыс кезінде ұңғы мен газ түтігін суыту үшін терезе жасайды.
Оқжатар оқсауытты орналастыруға және оларды ұңғы қорабына беріп тұруға арналған. Ол корпустан, қақпақтан, тоқтатқыш қаңылтақтан, серіппе мен бергіштен тұрады.
Сүңгі – пышақ автоматқа шабуыл алдында кигізіледі және қарсыласты қоян-қолтық шайқаста жою үшін қызмет етеді. Сонымен қатар, ол пышақ, темірді кесу үшін ара және сымдарды қию үшін қайшы ретінде де қолданылады.
Сүңгі – пышақ жүзінде кесуші қыр, ара және қынның шығыңқы осьіне кіріп тұратын саңылау болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет