Оқжатарды автоматқа қосу. Автоматты сол қолмен дүм мойыншасынан немесе шетмойыннан ұстап тұрып, оң қолмен оқжатардың ілгішін ұңғы қорабының терезесіне енгізіп, оқжатардың ілмегі оқжатардың тірек шығыңқысынан асатындай етіп өзіне бұрады.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу не үшін жүргізіледі?
Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеуді ретімен айтып беріңдер.
Автоматты толық емес бөлшектеудің пулеметті толық емес бөлшектеуге қарағанда қандай ерекшелігі бар?
Дәріс№20 Автоматтың(пулеметтің) атқаратын қызметі және бөлшектері мен механизмдерінің құрылысы.
Ұңғы оқтың ұшуын бағыттауға қызмет етеді. Ұңғының ішінде солдан жоғары қарай бұранда тәрізді төрт ойықты арна болады. Ойықтар оққа айналмалы қозғалыс беруге қызмет етеді. Ойықтар арасындағы аралықтар өріс, ал екі қарама-қарсы өріс арасындағы қашықтықтар ұңғы арнасының калибрі, ұңғы арнасының оқсауытты орналастыруға арналған бөлігі оқтық, оқтықтан ұңғы арнасының ойықты бөлігіне көшуі оқ кірмесі деп аталады.
Автоматтың ұңғылық тежеуіш-компенсаторы ату шоғырлануын арттыру және кері тебу энергиясын азайту үшін қызмет етеді. Оның алдыңғы және артқы екі камерасы бар (оларда оқ ұшып шығатын дөңгелек тесіктер болады).
Алдыңғы камерада сүңгі-пышақты автоматқа бекіткенде сақина кигізілетін шоғыр, сүңгі-пышақтың шығыңқысы кіретін тік бұрышты саңылау және дәрілі газ шығуға арналған екі терезесі бар.
Артқы камерасының алдында екі саңылауы, екі ортаңғы жағында – дәрілі газдың шығуына арналған үш компенсациялық тесік бар. Ұңғылық тежеуіш – компенсатор артында қарауыл негізіне бұралып кигізуге арналған ішкі кертік, орнықтырғыш кіретін ойма және сүмбіні шығарып алу мен қайта қоюын жеңілдететін шеңбер қиғаш бар.
Пулеметтің жалын сөндіргіші ату кезінде жалын мөлшерін азайтуға арналған. Онда ұңғыға бұрап кіргізуге арналған кертік, орнықтырғыш үшін бес ойма және газ шығаруға арналған бес бойлық саңылау бар.
Достарыңызбен бөлісу: |