Алғашқы әскери дайындық пәнінен оқу – әдістемелік кешен Әйтеке би кенті -2017ж. Бекітемін


«Белдікке» жағдайындағы автомат үшін –



бет55/126
Дата30.11.2023
өлшемі0,63 Mb.
#194268
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   126
Байланысты:
Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша кешен

«Белдікке» жағдайындағы автомат үшін – оң қолды белдіктің бойымен жоғары көтеріп, автоматты иықтан алады да, оны сол қолмен ағытқыш жақтау мен ұңғы қорабынан ұстайды, бұдан кейін автоматты оң қолмен ұңғы бастырмасынан және ұңғы жақ құндағынан алға қаратып ұстайды. Сонымен бір уақытта оң аяғымен алға толық қадам жасап, сәл оңға жылжиды. Алға еңкейіп, өзінің алдына, жерге қояды. Бұдан кейін біртіндеп сол аяғының санына және сол қолының иығына сүйеніп, сол жақ қырынан жатып, тез етпетінен жатады да, аяқтарының ұштарын сыртқа қаратып аздап алшайтады; бұл ретте автомат құндағымен сол қолдың алақанында ұсталады.

  • Автоматты «кеудеге» жағдайында ұстау үшін – сол қолмен құндағының астынан және ұңғы бастырмасынан алып, оны біраз алға, жоғары қарай көтріңкірейді де, оң қолды автомат бауының астынан шығарады, содан соң бауды бастан асыра тастайды да, оң қолға автоматты ұңғы бастырмасынан және құндақтан алады.

    Тізерлеп тұрып атуға орналасу үшін автоматты (пулеметті) ұңғы бастырмасынан және аузы алдыңғы жаққа қаратылған құндағынан ұстап, осымен бір уақытта оң аяқты артқа жібереді де, оң жақ тіземен тізерлеп өкшеге отырады; осы кезде сол аяқтың балтыры тік күйінде қалып, жамбас тура бұрышқа шамалас жақын болу керек, автоматты құндағымен сол қолға ауыстырып, нысанаға қарай бағыттайды.


    Тұрып ату қалпын қабылдау үшін:

    1. егер автомат (пулемет) «белдікке» қалпында болса, онда нысана бағытына қатысты оңға жартылай бұрылу керек, сол аяқты баспай жатып, оны иық деңгейінде жылжытып, автоматшыға ыңғайлы қалыпқа келтіреді, осы қалыпта дене салмағы екі аяққа тең түседі. Бір мезгілде оң қолмен бауды сәл көтере ұстап, автоматты иықтан алады да, сол қолымен құндақ пен ұңғы бастырмасынан ұстап, ауызғы бөлігін нысана жаққа тез бағыттау қажет.

    2. егер автомат «кеудеге» қалпында болса, онда автоматтың құндағынан және ұңғы бастырмасынан ұстап, біршама көтере отырып, баудан оң қолды босатады да, басынан асыра лақтырады. Сонымен бір мезгілде оңға жартылай бұрылу керек, сол аяқты баспай тұрып, оны сол иық деңгейінде жылжытып, автоматшыға ыңғайлы қалыпқа келтіреді, автоматты қарқынды түрде нысанаға қаратады.

    «Кеудеге» жағдайында автоматтан ату үшін бауды мойыннан түсірмеуге рұқсат беріледі, өйткені ол автоматты атыс кезінде нық ұстап тұрады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   126




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет