Ұрыста автоматшы (пулеметші) қандай жылжу тәсілдерін пайдаланады?
Автомат (пулемет) ұрыста қозғалу кезінде қандай жағдайда ұсталынып тұрады?
Автоматшының жатып ату үшін қолданылатын жағдайы туралы айтыңдар.
Автоматшының тұрып ату үшін қолданылатын жағдайы туралы айтыңдар.
Дәріс№24 Жарықшақты қол гранаталары. Жарықшақты қол гранаттар жақын ұрыстағы қарсыластың тірі күшін жарықшақтарымен жоюға арналған.
Қазақстан армиясының қарулануында:
Гранаттар жарықшақтарының ұшу қашықтығына байланысты: шабуылдағы және қорғаныстағы болып бөлінеді. РГД-5 және РГН-шабуылдағы, Ф-1 және РГО - қорғаныстағы гранаттарға жатады.
Қол гранаттарының арналуы және ұрыстық қасиеті. РГД-5 жарықшақты қол гранаты – арақашықтықта әрекет ететін гранат, ол шабуылда және қорғаныста қарсыластың тірі күшін жоюға арналған. Гранат лақтыру таяу ретте қимыл жасауда және сауытты транспортерде әр түрлі жағдайда жүзеге асырылады.
Гранат жарықшақтарының радиусы 25 м-ге жуық. Гранатты лақтырудың орташа қашықтығы – 40-50м. Жабдықталған массасы – 310г. Тұтандырғыш бәсеңдеткішінің жану уақыты – 3,2 – 4,2с.
Гранаттың құрылысы. РГД-5 жарықшақты қол гранаты тұтандырғышқа арналған түтігі бар корпустан, жарылатын зарядтан және тұтандырғыштан тұрады.
Гранат корпусы жарылатын зарядтан тұтандырғышқа арналған түтікті орналастыру үшін, сондай-ақ гранат жарылуы кезінде жарықшақтар жасалуына қызмет етеді. Ол екі бөліктен (жоғары және төменгі) бөліктен тұрады.
Корпустың жоғарғы бөлігі қалпақша деп аталатын сыртқы қабықтан және қалпақшаның қосымша бетінен тұрады. Жоғарғы манжет арқылы тұтандырғышқа арналған түтікше жалғастырылған. Түтікше гранатқа тұтандырғышты жалғастыру және корпустағы жарылатын зарядты герметизациялау үшін қолданылады.
Корпустың төменгі бөлігі табан деп аталатын сыртқы қабықтан және табанның қосымша бетінен тұрады.