Алғашқы әскери дайындық пәнінен оқу – әдістемелік кешен Әйтеке би кенті -2017ж. Бекітемін



бет44/126
Дата30.11.2023
өлшемі0,63 Mb.
#194268
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   126
Байланысты:
Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша кешен

Көздеуіш құрылғы әр түрлі қашықтықтардағы нысаналарды ату кезінде автоматтан көздеу үшін қызмет етуге арналған. Ол көздеуіш пен қарауылдан тұрады.
Көздеуіш көздеуіш қалыбынан, тілімшелі серіппеден, көздеуіш тақташадан және қамытшадан тұрады.
Көздеуіш қалыбында көздеуіш тақташаға белгілі бір биіктік беруге арналған екі сектор, көздеуіш тақташа бекітілген құлақшалар, газ түтігінің сұқпасы мен жапқышына арналған тесіктер; ішінде – тілімшелі серіппеге арналған ұялар және бекітпе жақтауына арналған қуыс; артқы қабырғасында – ұңғы қорабының қақпағына арналған жарты шеңбер ойық болады.
Көздеуіш қалыбы ұңғыға кигізіліп, штифтпен бекітілген.
Тілімшелі серіппе көздеуіш қалыбының ұясына орналасады және көздеуіш тақташадан белгіленген жағдайда ұстап тұрады.
Көздеуіш тақташаның көздеуге арналған ойығы бар қыры мен қамытшаны бекіткіш пен серіппенің көмегімен белгіленген жағдайда ұстап тұруға арналған ойықтары болады. Автоматтың көздеуіш тақташасының бетінде 1-ден 10-ға дейін бөліктері бар шкала жасалған. Шкаладағы сандар жүз метрге шаққандағы тиісті атыс қашықтығын білдіреді.
Автоматта бұған қоса көздеуіш тақташада «П» әрпі салынған – бұл көздеуіштің тұрақты қойылуы 4 көздеуішке сәйкес келеді (атыс қашықтығы – 440м).
Қамытша көздеуіш тақташаға кигізілген және белгіленген жағдайда бекіткішпен ұсталады. Бекіткіштің тісі серіппенің әрекетімен көздеуіш тақташаның ойығына қойылады.
Ұңғы қорабының қақпағы ұңғы қорабында орналасқан бөліктер мен механизмдерді ластанудан сақтайды. Оның оң жағында сыртқа лақтырылатын оқсауыттардың өтуіне және бекітпе жақтауы сабының жылжуына арналған сатылы ойық, артында – қайтармалы механизмдегі бағыттаушы өзектің шығыңқысына арналған тесік бар.
Газ поршенімен қоса бекітпе жақтауы бекітпені және соққыш – ағытқыш механизмді әрекетке келтіруге арналған. Бекітпе жақтауында: ішінде – қайтармалы механизм мен бекітпеге арналған арналар; артында – сақтандырғыш шығыңқы; бүйірлерінде – бекітпе жақтауының ұңғы қорабының қайырмалары бойымен қозғалуына арналған саңылаулар; оң жағында – автоатқыш тұтқасын босатуға арналған шығыңқы және автоматты қайта оқтау тұтқасы; төменде – бекітпенің жетекші шығыңқысы қорабының шағылыстырғыш шығыңқысы өтетін саңылау болады; бекітпе жақтауының алдыңғы бөлігінде газ поршені бекітілген.
Бекітпе оқсауытты оқтыққа жеткізу үшін, ұңғы арнасын жабу үшін, капсюльді бұзу және оқтықтан оқсауытты алу үшін қызмет етеді. Бекітпе негізден, соққыштан, серіппесі мен осі бар лақтырғыштан және бұрама сұқпадан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет