Алғашқы қоңырау 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын



бет3/4
Дата16.09.2023
өлшемі20,76 Kb.
#181233
1   2   3   4
Байланысты:
ілім күніне арналған сценарий
Тест мех каз 300-8-1, 7 3тоқ бжб 1
Азирбай Асылмұрат:
Қайырлы күн, құт қадам,
Құтты болсын баршаңа.
Сәтті болсын аттаған,
Оқу жылы-бұл жаңа.
Аманғалиқызы Бағым:
Сәлем саған мектебім,
Алғыстарым көп менің .
Оқу білім , тәрбие
Ой санама еккенің.
Балтабай Айым:
Таң қалдырып әлемді,
Айтайын мен өлеңді
Қабыл алғын жамағат,
Қызың берген сәлемді.
Ән: Балтабай А
Жоланбай Алинұр:
Есін допқа жеңдірген,
Бала емеспін сен білген.
Алтыға кеп, алып боп,
Біріншіге келдім мен.
Абдир Мариям:
Салтанаты бек керім
Міне, сынып мектебім.
Ұстаздарым аялы.
Достарым да көп менің.
Тұрар Данияр:
Еркелік жоқ кешегі,
Оқушымын көшелі
Білім алып бойыммен
Ойым да енді өседі.
Акмаш Айзере:
Мектеп-қамқор анамыз,
Оқып білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін
Біз оқушы боламыз!
Есімхан Мұхаммед:
Қуаныш бүгін мереке
Шуағын шашып тұр әлем
Мектепке келген алғашқы,
Жан досым, саған мың сәлем.
Алдияр Айзада:
Соғылсын қоңырау, соғылсын
Сыңғырла мәңгілік сыңғырла.
Толқыған жүректер тоғысын
Толтырып бір арна , бір жырға.
2 - жүргізуші:
Абзал жандар, биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып шәкірттерін қарсы алды.
Өздеріңе жүрекжарды сөз айтып,
Құттықтайды 11 - сынып баршаңды.

11 - сынып оқушысы


Оқыған әпке, ағаңыз,
Қадірлі мектеп – бұл мектеп.
Сендердей біз де болғанбыз,
Есейдік, міне, қараңыз.
Құт болып алғаш қадамың,
Жағарсың білім шырағын.
Биылғы жыл ерекше,
Ұғарсың оның шын мәнін.

11 - сынып оқушысы:
Құттықтап білім күнімен,
Сыйланар сізге әліппе.
Бар білімнің бастауы,
Қадірлеп оны дәріпте.
(Музыка әуенімен 11 - сынып оқушылары сыйлықтарын 1 - сыныптарға сыйлайды)

2 - жүргізуші:
Оқитын әрі жазатын,
Білімге қол созатын.
Оқушы болдың, қарағым,
Білімнің кілтін ашатын, — деп сөз кезегін балапандарын ертіп келген құрметті ата - аналарымызға береміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет