1 - жүргізуші:
Бірінші қыркүйек білім күніне арналған салтанатты жиылысымызды ашық деп жариялаймыз!
(әнұран ойналады)
2 - жүргізуші: Бүгінгі мерекелік шараны салтанатты түрде ашу үшін алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Сулейменов Бауыржан ағайға беріледі.
2 - жүргізуші:
Бүгін қандай шаттық тола күн еді,
Бүкіл әлем ерекше бір түледі.
Балдырған жетектеген ата - ана,
Қуаныштан жарылардай жүрегі,
Білім көзін ашатынын біледі, — деп балаларын мектепке алғаш жетектеп келіп отырған ата - аналарға қадамдарыңызға гүл бітсін, армандарыңызға нұр бітсін демекпіз.
2 - жүргізуші: Бүгінгі салтанатты мерекеміздің мәртебелі қонақтарына сөз береміз.
1 - жүргізуші:
Ортаға 1 - сыныпқа қадам тастаған бүлдіршіндер келеді,
Жүрек жарды тақпақтарын сіздерге айтып береді.
1 – сынып оқушыларының құтықтау сөзі.
Әнестегі Ғибрат: Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын.
Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін.
Жарқынбай Нұриша:
Жан шуағы, күн шуағы арай ма
Ұстаз деген әулидей талайға
Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл
Әл-Фараби, Омар Хаям, Абайда.
Спабек Фатима:
Алтын ұям- мектебім!
Армандарым көп менің,
Атқарамын деп келдім,
Асыл –анам мектебім.
Саурбай Нұржамал:
Қоңырау сыңғырла, асыға
Үн қосқан қиядан асуға
Білім ал, еңбек ет жас ұлан
Өрле сен биік шың басына.
Ахтай Айбар:
Мектепке енді барамыз
Біз оқушы боламыз
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік аламыз
Исахан Айару:
Мектеп, менің мектебім
Ақылсыздан шеттедім.
Білімдімен дос болып,
Сенен аттап өтпедім.
Дархан Жансая:
Бірінші қыркүйек күнімен
Аңқыған жұпар гүлімен
Келіп ем, қарсы алар мектебім
Сүйкімді қоңырау үнімен.
Достарыңызбен бөлісу: |