Өрмекшітәрізділер көбінесе жәндіктермен және басқа да кішкентай ағзалармен қоректенеді. Олар қарнындағы ас қорытатын сөлін жемтігін өлтіргеннен кейін, оның денесіне құяды. Бұл асқорыту сөлі жемтігін сұйық тамаққа айналдырады, сосын өрмекші сұйытылған қоректі аузының алдыңғы бөлігінде орналасқан ауыз қуысына сорып алады. Өрмекшінің аузының артқы жағында бұлшық еттермен қапталған, қорегін өңеш пен қарнына сорып алуға арналған жұтқыншағы бар. Өрмекшінің асқазаны ас қорытатын ферменттерді бөліп, тағамның нәрлі заттарын сіңіреді.
Өрмекшітәрізділер – табиғатынан жыртқыштар. Әдетте, олар жәндіктер секілді кішкентай жануарларды аңдып, аулайды. Өрмекшітәрізділердің қарапайым көздері мен әртүрлі жемтікті ұстайтын құрылғысы бар. Мысалы, құршаянның дақты улы құйрығы және өрмекшілердің жәндіктерді ұстауға арналған қақпан сала алатын иіру құрсақтары болады (шеңберлер немесе торлар). Кенелер – өрмекшітәрізділердің ішінде өрмекшілерден кейінгі ең үлкені және ең көп таралған түрі.
Бас-көкіректің алдыңғы бөлігінде хелицералардың түп жағында ірі екі без жатады, бұл бездер түп жағы жұмырланған, қысқа цилиндр сияқты. Көбнесе бұл бездер хелицералардың негізгі мүшелеріне азды-көпті батыңқырап тұрады. Бездердің сыртқы жамылғысы спиралъ түрде ширатылып келген мышицадан түзіледі. Мышицалардың жиырылуы арқасында у сыртқа қарай ағады, бұл канал кейде хелицераның тырнағының ұшынан келіп те сыртқа ашылады.

Көбеюуі
Сыртқы жыныс тесігі аталық өрмекшіде де, аналық өрмекшіде де құрсақтың төменгі бетінде, жапырақ тәрізді өкпелердің саңылау екі стигмаларының арасында жатады. Аталық өрмекшінің жыныс тесігімен тікелей байланысты жатқан сыртқы жыныс қосалқысы болмайды: аяқ-қармалағыштарының екеуінің де ұшында бір-бір. Өрмекшітәрізділер жыныстық жолмен көбейеді. Олар көбінесе ұрпағын тірідей туады, бірақ кейбір түрлері жұмыртқа салады. Аналығы жұмыртқасын немесе баласын өзі қорғайды. Мәселен, Маңғыстаудың шөлді және далалы аймақтарында кездесетін қарақұрттар өте өсімтал: шілдеде 100–700 жұмыртқа салып, олады пілләсімен қорғауға алды. Жұмыртқадан шыққан өрмекшілер пілләда қыстап, келесі жылы сәуірде жанжаққа тарайды. Ал ала бүйі жұмыртқасын күзде піллә ішіне салады. Одан ұрпағы көктемде өсіп өнеді.[3]