Алғашқы құрлық жәндіктері өрмекшітәріздестердің морфологиясы



бет3/4
Дата11.11.2023
өлшемі3,04 Mb.
#190972
1   2   3   4
Байланысты:
зоо

Кресті өрмекшінің қан жүру системасы, өздерінің меншікті қабырғалары бар, қан тамырларынан және бірнеше қуыстардан – лакундардан, яки синустардан, құралады, бұл қуыстар дененің ішкі қуыстары болып табылады. Барлық қан тамырлары артериялық қан тамырларының жүйесіне жатады: бұлардың барлығы да қанды жүректен алып шығып, дененің барлық жерлеріне тотыққан қанды таратып алып кетеді. Синустар жүйесі вена қан тамырларының орнына жүреді, ақыр аяғында келіп, барлық қан синустар жүйесінің соңғы буыны – жүрек жанындағы синусқа келіп құйылады. Бұл синус жүректі жан-жағынан қоршап тұрады. Жүректің қабырғалары түзетін сақина тәрізді мышицаның жиырылуы қанды алдыңғы жақтағы бұтақтанып жатқан қолқаға да сондай-ақ, артқы артериялардың түйдегіне де бағыттап жіберіп отырады, осылар арқылы қан дененің ішкі қуысына құйылады. Дененің барлық бөлімінен қан өкпелерді қоршап жатқан синустарға жиналады, бұл жерден тотыққан қан жүрек жанындағы синусқа қайтады. Жүрек жанындағы қуыстан қан үш жұп остиялар арқылы жүрекке құйылады.

Тыныс алу жүйесі

Кресті өрмекшінің тыныс органдары ретінде жапырақ пішінді келген өкпелері және кеңірдек түтіктерінің жүйесі бар. Кеңірдек түтіктері жалғыз сыңар болып келетін стигма мен өрмекшінің бауыры жағына өрмек сүйелдерінің ілгері жағынан келіп сыртқа ашылады. Құрсақтың алдыңғы жағының төменгі бетінде саңылау тәрізді жұп тесік жатады. Бұл тесіктер тақ жыныс тесігімен бір деңгейде жатады. Осы екі саңылаудың екеуі де жапырақ тәрізді өкпелердің стигмалары. Өкпенің саңылау тәрізді тесігі өкпенің кіреберісіне барып тіреледі. Кіреберістің артқы қабырғасы да, төменгі қабырғасы да тұтас келеді. Алдыңғы жақ қабырғасында бірқатар параллель саңылаулар бар, бұл саңылаулар өздерінің санындай жалпақ қалталарға барып жалғасады, ол қатарлар жалпы бір текше болып жатады. Қалталардың араларында дененің тар қуыстары жатады, сол қуыстарға қалталарды шайып өтетін қан келеді. Олардың жұқа кутикулардан қабығы болады және өздері семіп беттесіп қалмайды. Оларға ауа ешбір кедергісіз кіре алады, өйткені кіреберістің де сондай-ақ қалталардың да қабырғалардың беттерін ағаш сияқты бұтақтанып кеткен өсіктер басып жатады, бұл өсіктер қалтаның қарсы жатқан қабырғасына барып тіреледі. Кеңірдек үймесі бұтақтанбайтын екі жұп түтіктерден тұрады, бұлар негізгі қалтадан шығып ілгері қарай кетеді. Негізгі қалта өрмек сүйелдерінің ілгергі жағынан білінер – білінбес көлденең саңылау болып сыртқа ашылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет