Алғы сөз «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» Абай Кұнанбаев


Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу



бет17/26
Дата09.05.2023
өлшемі0,61 Mb.
#176322
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26
Байланысты:
Балалар өмірінде ойын маңызы

Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу


Балабақшадағы тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы. Мектепке дейінгі шақ – бала бойына адамгершіліктің негізін қалайтын кез. Сондықтан да бала бойына жас кезінен бастап ізгілік, мейремділік, инабаттылық сезімдерін қалыптастыру ата – аналар мен тәрбиешінің міндеті. Мектеп жасына дейінгі балалардың жан – жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Ойын – балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал.Балабақша жұмысының мазмұны күн тәртібінің барлық сәттерінде балалардың мінезін дұрыс бағытта тәрбиелеуге негізделеді. Егер де, бала мінезін дамыта отырып тәрбиелемесек, онда қыңыр баланың қиқарлығы арта түседі де, төбелеске, дау – дамайға бейім болады. Тегінде көп нәрсе бала өмірін дұрыс ұйымдастырып, шебер басқара білуге байланысты.Ол үшін тәрбиеші үнемі өз тәжірибесін молайтып шеберлігін, біліктілігін арттырып отыруы қажет. Ойын – баланың жан серігі іспеттес. Қай бала болмасын ойнап өседі. Әрбір елдің ойыны сол елдің қоғамдық идеологиясына, тұрмыс – тіршілігіне, айналысатын кәсіп – шаруашылық ерекшеліктеріне байланысты. Ойын сырттай қарағанда анау айтқандай қиындығы жоқ, оп – оңай тәрізді көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала үшін ойынға қатысты басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Мәселен, рөлдерге бөлгенде балаға өзіне ұнамсыз рөл тиюінің өзі – ақ көп нәрсені шешеді. Сондықтан тәрбиешінің міндеті – балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету. Сонда ғана ойын өз мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні арта түседі. Айталық, тәрбиешінің ұжымдық ойынды тартымды ұйымдастырып өткізуі балалардың бір – бірімен достық қатынастарының дұрыс қалыптасуының нышаны екені сөзсіз. Балалардың рухани дүниесін байыта отырып, талғамдарын арттыруға ат салысу, жаңа, озық тәжірбиені дер кезінде насихаттап, өмірге енгізу – барша қауым, тәрбиешілер бірлесе атқаратын абырайлы міндет. Жас ұрпаққа адамгершілік-эстетикалық тәрбие беру тұжырымдамасында былай делінген: «Балабақшадан бастап жан-жақты және толық жетілген тұлғалы адам тәрбиелеуге жәрдемдесетін эстетикалық мұраттар, талғам мен талап тілектер қалыптастыру, түптеп келгенде тәрбиенің барлық қыры мен, сырын өз бойына сіңіреді». Бала ойын ойнағанда өмірде көрген-білгенің өзіне ұнаған адамның іс-әрекетіне еліктеп отырып бейнелейді. Бала үшін өзіне ұнаған адамнан артық ештеңе жоқ, оған барлық жағынан ұқсағысы келеді. Жалпы бала табиғаты өзін бірнеше есе үлкен ғып көрсетуге бейім. Тез есейгісі келіп бәрін өзім істеймін деп талпынады. Баланың осы талпынысын мақұлдап, сен үлкенсің, мен көмектесіп жіберем, бәрін де өзін істей аласың деп, сенім білдіре тәрбиелеу ұтымды әдіс. Ізеттілік, ізгілік, инабатталық әдептілік – бір күнде қалыптаса қалатын қасиет емес. Бұл балабақшадан бастау алып, өмір баспалдақтарында шыңдалып, біртіндеп қалыптасатын қасиет.Тәрбиеші бұл мақсатта көркем әдебиет шығармаларын кеңінен пайдаланады. Солай еткенде бала өздігінен ойын ойнағанда тәрбиешінің, ата-аналарының оқыған шығармаларынан өздеріне ұнаған басты кейіпкерлерін бейнелейді. Осы орайда күнделікті өмірде балаларға түсінікті әзіл-қалжың шығармаларды пайдалану топта балалалардың көңіл-күйін көтеріп, олардың қайырымдылығын ізгі сезімін, бір-біріне мейірімділігін тәрбиелеуге күшті әсер ететінін атап өту қажет. Ойын мәселесімен шұғылданған көрнекті ғалымдар Р.И.Жуковская, Д.В.Менджерицкая,Т.А. Маркованың айтуы бойынша, балалардың өздігінен сюжетті-рөлдік ойындар ойнауы үшін игерген білімдерін ойынға пайдалана білуі керек. Тәрбиеші өз тобындағы тәртіп бұзатын балалардың намысына тимей, адамгершілік жайындағы шығармаларды оқып талдай отырып та олардың сезіміне әсер етеді. Қай бала болмасын жағымсыз қылыөтан жиреніп, әңгіме мазмұнындағы жағымды бейнелерге еліктейді. Ойын кезінде көркем шығармалары оқу барысында, біртіндеп топтағы балалар байқағыш, реттегіш бола бастайды.Тәрбиеші күнделікті білім беру, еңбекке баулу, ойындарды ұйымдастыру кезінде әр баланың жеке тұлғасының. Қалыптасуына ізгілік сезімдерінің дамуына ықпал етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет