Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы- мы пән


§ 6, Қабылдаудағы типтік айырмашылықтар



Pdf көрінісі
бет82/133
Дата03.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#170897
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   133
Байланысты:
Ә,Алдамұратов Жалпы психология

§ 6, Қабылдаудағы типтік айырмашылықтар
Қабылдау барлық адамдарда бірдей бола берменді Мұнда топ адамдарға тән типтік айырмашылықтар да бар.
Француз психологі А. Бине адамдардың қабылдауын арнайы зерттеп, оның типтік сипатта болатыны әдейі жүргізген
тәжірибелер арқылы көрсетеді. Мысалы, біреулер өзі тартқан шылымына қарап отырып оның түрін, сипат-ерекшелігік
тәптіштеп айтьш береді Ал екінші біреулер шылым туралы көрген-білгенін әнгіме етеді. А. Биненің зерттеуі бойынша,
алғашқылары баяндау типі, екіншілері — түсіндіруші тип.
Қабылдауда қабылданған нәрселердің қасиет-сипаттарына, ұсақ-түйектеріне мән бермеу сияқты біріктіруші
(синтездік) және заттардың ұсақ-түйегінен шыға алмау тәрізді талдаушы типтер де кездеседі. Халық даналығында бұл
типтер —“Көрмес түйені де көрме”, “Түймедей нәрсені түйедей етіп көрсету” дегендей анықтамаларға ие. Икемді тип —
талдағыштық-біріктіруші тип. Қабылдаудағы объективтік және субъективтік типтер де өмірде кездесе береді.
§ 7, Балаларда қабылдаудың дамуы мен калыптасуы
Баланың қабылдауы түйсіну, ойлау процестерімен қатар дамып, қабылдаған нәрселердін атын, мәнін біліп
отырады. Бұл — қабылдау процесінің дамуы. Мектеп жасына дейінгі баланың өмір тәжірибесі аз болғандықтан,
қабылдауы үстірт болады. Мысалы, 4—5 жасар бала уақыт пен кеңістікті, алыс-қашықтықты нашар ажы-ратады,
Балалардың жүйелі қабылдауы тәлім-тәрбие ;мен жеке пәндерді оқытып үйрету нәтижесінде ғылыми тұрғыдан дамып
өрістейді.
Балалар кабылдауының күрделене түсуі оның бақылағыштығы-мен тығыз ұштасып жатады. Байқаудын. арапайым
түрі 1-сынып оқушыларында да бар. Мысалы, олар қоңыздың мұртшасы, көзі, табаны бар деп көргендерін тізбелеп
айтады.
131


Шәкірттердің қабылдау процесін дамыту үшін белгілі талаитар мен шарттар мектепте бірізділікпен жүйелі түрде
жүргізіліп отырылуы қажет және ондай талаптардын, мақсат-міндеті — шәкірттердің танымдық -терін неғұрлым
жетілдіре түсу болуы шарт. Осы бағдар бойынша мынадай мәселелер қамтылуы тиіс:
1. Көрнекі кұралдарды қолдану (модельдер, суреттер мен кестелер, коллекциялар мен муляждар, сызбалар т. б-).
2. Қабылданған нәрселердің мән-жайын, жалпы, ерекше қасиеттерін түсінуді дамытып отыру. Әдебиеттегі жеке
кейіпкерлер-дің мінез-құлқы мен іс-әрекетінің дұрыс ұғынылып, дұрыс қабылдануын бағдарлау.
3 .Қабылданған нәрселерді салыстырып отыру. 
Осы 
әдістің білімдік-тәрбиелік мәнін толық пайдалану.
4. Қабылданған нәрселердің мән-мазмұнын, түр-сипатын өздеріне қайталап айтқызу. Бұлдыр еместігін анықтап,
толықтырып отыру,
5. Оқушылардың байқағыштық қасиеттерін жетілдіріп отыру. Ауызекі сөзі мен көргендеріне бағыт беру. Дұрыс
қабылдауға әдеттендіру-
Қабылдау процесін дамытып, қалыптастырып отыру басқа да психикалық процестермен (ойлану, сөйлеу, есте
сақтау, сезім-эмоциялармек) тығыз ұштастырылъш, жалпы, баланын дүннетаным шеңберін кеңейтІп отыруды талап
етеді. Қабылдау түйсікпен салыстырғанда, әлдеқайда күрделі және ол адамның дүниені танып білу саласындағы тікелей
таным процесіне жатады. Баланың дүниетанымын дамытып, оны үнемі өрістетіп отыру әрбір пән мұғалімі мен
тәрбиешілердің, ата-аналардың жалықпай жұмыс істеп, ұстаздық ісін барынша шыңдай берулерін қажет етеді. Ұлы
Абайдың “Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” дегені осыны білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   133




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет