Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы- мы пән



Pdf көрінісі
бет95/133
Дата03.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#170897
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   133
Байланысты:
Ә,Алдамұратов Жалпы психология

шұғылданып қорау
деген мағынаны
білдіреді. Кертартпа психологтар интуицияға “іштен жарқырау” не “құдыреттің күшімен тану” деген анықтама береді.
Дегенмен, бұл шындыққа жанаспайды. Ғылымн тұрғыдан қарастыратьш болсақ, дұниені интуиция арқылы танып білу
— ми қабығының белгілі түрде атқаратын қызметі. Бұл мәселені ғылыми-табиғи негізде дәлелдеп берген — И- П Павлов
зерттсу лері. Ол “Ми алқабы көлемінін белгілі дәрежеде тежеліп жаткан орталықтарында да синтездеу процесі жүріп
жатады. Кезінде мұндай әрекет адамға сезілмесе де, оның болып өткені — ақиқат. Сондықтан қолайлы бір жағдай туа
қалса, қайдан келгені белгісіз сияқты болып, даяр күйінде ол шыға келуі мүмкін”' деген болатын.
Ғылыми жаңалықтарды, келелі мәселелер мен істерді шешуге керекті жана байланыстар адам өзінін, рухани
қуатын сол проблемалар төңірегіне шоғырландырғанда ғана туады. Міне, осындай жағдайда адамда шабыт пайда
болады. Шабыт билеген адам әрқашан да жемісті иәтнжеге жетпек. Осы орайда, ғылым тарихынан бірнеше мысалдар
келтірейік:
149


Ерте заманда өмір сүрген ғалым Архимео. заттардың салмағын ажыратып білуді үйіндегі астауға шомылып
жатқанда ашады Сөйііп, “таптым” — “эврика” деп ай-қайлап, көшеге жалаңаш жүгіріп шығады. Ал ағылшын инженері
Дж. Уатт жаңа машина жасап шығаруды қиялдап жүргенде, пештің үстіндегі шәйнек қақпағынын қақпаған судың
буынан діріл қағып, орнынан қозғалғанын аңғарып қалады да, “бұл не деген күші” деп таңданады. Осыдан кейін Дж
Уатт бу машинасын ойлап тапты деген сөз бар.
Павлов И. П Полн собр трудов. М ,-Л, т 4 1947, с 340.
Кибернетика ғылымының негізін қалаушылардың бірі, атақты американдық оқымысты Н. Винер электрондық-
есептеу машинасыи адам миының қызметіне негіздей отырьш ойлап тапқан. Жалпы ал-ғанда, ғылым мел техника, өнер
мен білім жаңалықтарынын ашылуы адамның шығармашылық қиялының жемісі болып табылады. Сондай-ақ, әрқилы
құрал-саймандардың да адамның әр алуан іс-әрекеттері нәтижесінде жасалғаны белгілі, Мәселен, тырма — қол-дың бес
саусағының бірігіп әрекет жасауының, ожау екі қолды қосып сұйықтықты ішудің жемісі деуге болады (32, 33-суреттер).
32-сурет. Қ
олдың түрлі жағдайларына сәйкес адамның қиялымен жасалған аспаптар.
150


33-сурет 
Шығармашылық қиял туындылары—сфинкс және кентавр.
К. Э. Циалковский- менің ғарышқа сапар шегу талабым фан-тастикалық шығармаларды оқудан пайда болды. Ынта
соңынан акыл-ой әрекеті туды. Егер ғылым тарапынан көмек келмегенде, тек ақыл-ой еш нәтиже бермеген болар еді,—
дейді. Қазақ халқы-ның ертедегі қиялы да ұшқыш кілем, таусоғар, көлтауысар, желаяқ тәрізді басқа да кереметтер
жөніндс қиялғажайып ертегілер туғызды. Сол арман-тілектің көпшілігі бүгінде нақты шындыққа айналып отыр, Қазіргі
танда ел қажеттілігін, мұқтаждығын өтеп отырған пойыздар мен автокөліктер, ұшақ типтерінің сан алуан түрі —
адамның жасампаздық және шығармашылық қиялының жемісі.
Шығармашылық қиялдың көркем әдебиет пен өнер саласында да алатын орны айрықша. Қоғамдық өмір мен
әлеуметтік құбылыстар-ды, адамдардың топтарың, типтерін көрсетуде шығармашылық қиял арқылы сан алуан бейнелер
жасалып, типтік тұлгалар туындайды Бұл ретте, М. Әуезовтың “Абай жолы” эпопеясы түрлі топтарға, кесек бейнелер
мен кейіпкерлерге толы. Мәселен, Құнанбай, Майбасар, Ысқақ, Тәкежан мен Әзімбай — бір топ болса, Абай, Әбіш,
Мағауия, Базаралы, Дәркембай ~ өз алдына бір бағыттағы кейіпкерлер Сонымен қатар жазушының шығармасында
Тоғжан, Әйгерім, Зере мен Ұлжан тәрізді әйел образдары да тарихн түлғалық бейнелер ретінде суреттеледі.
Шығармашылық қиялды түсіншілік, сәулет, сурет, әдебиет, мәдениет сынды өнер салаларына тән деуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   133




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет