Сабақтың тақырыбы: Роботтың сызық бойымен қозғалысы. Практикалық жұмыс



Дата11.04.2023
өлшемі0,76 Mb.
#174297
түріСабақ
Байланысты:
қмж 5 сынып 20,02,2023


Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Роботтардың жарысы

Педагогтың аты-жөні

Даулет Шолпан

Күні

20.02.2023 ж

Сынып: 5

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Роботтың сызық бойымен қозғалысы. Практикалық жұмыс

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.3.3.3 робот қозғалысын ұйымдастыруға арналған түс датчигін қолдану.
5.3.3.4 объектіні табу үшін ультрадыбыстық датчикті пайдалану.

Сабақтың мақсаты:

  • сызық бойымен қозғалатын робот құрастыруды;

  • сызық бойымен қозғалатын роботқа арналған программа құрастыруды үйрету.



Сабақтың барысы:



Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
3.Үй тапсырмасын сұрау:
1.Қандай автокөлік жарыстарын білесің?
2.Автокөліктер мен роботтар арасында өтетін жарыстардың қан дай ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айта аласың?
3.Роботты сызық бойымен қалай қозғалтуға болады?
4.Робот қозғалысын ұйымдастыруда түс датчигін қалай қолдану керек?
Cөздік сұрау:
сызықтық алгоритм – линейный алгоритм – linear algorithm
алға – вперед – forward
солға – налево – to the left
оңға – направо – to the right
қара сызық – чёрная линия – black line
иір сызық – изогнутая линия – curved line
алаң – ринг – ring
жарыс – соревнование – contest

1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.
Сұрақтарға жауап береді
Сөздікті айтады







Сабақтың ортасы

Функционалдық сауаттылық:
Автоспорт (ағыл. аutosport) спорт жарыстарының түріне жатады. Бұл жарысқа жеңіл автокөліктер және жүк көліктері қатысады. Автоспорттың тарихы 1894 жылдан басталған. Сол жылы Парижде алғашқы автокөлік жарысы өткізілді. Робот алғаш пайда болған уақыттан бастап, олардың арасында түрлі жарыстар өткізіліп тұрады. Солардың бірі және кең тарағаны – сызық бойымен қозғалыс жарысы.
Практикалық жұмыс:
Екі түс датчигі бар роботтың сызық бойымен қозғалу алгоритмі Енді роботты сызықтың бойымен жылдам қозғалтудың тағы бір жолын қарастырайық. Ол үшін роботқа екі түс датчигін орнатамыз. Робот Цвет (Түс) және Яркость отраженного цвета (Шағылған түстің жарықтығы) режімдерін пайдаланып қара сызықтың бойымен қозғалады. Сызық бойымен қозғалу программасын жазбас бұрын екі түс датчигі бар роботты құрастырып алайық.






Мұғалімді тыңдайды


Тапсырманы орындайды


тапсырманы орындайды



ФБ
1-10 балл





Оқулық
5 сынып, Р.А.Қадырқұлова,


Г.К.Нұрмұханбетова

Оқулық
5 сынып, Р.А.Қадырқұлова,


Г.К.Нұрмұханбетова



Сабақтың соңы

Кері байланыс:
Талдау: Бір түс және екі түс датчигі бар роботтардың програм маларын салыстырыңдар. Салыстыру барысында төмендегі сұрақ тарға жауап іздеңдер:
• Олардың жылдамдығында, жүріп өту дәлдігінде қандай айырмашылықтар бар?
• Жарыс кезінде қайсысын қолданған тиімді?


Үй тапсырмасы: 4.1-4.2 Роботтың сызық бойымен қозғалысы. Практикалық жұмыс

Ауызша жауап береді







«Тексерілді»


Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: .....................................................

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет