Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы- мы пән



Pdf көрінісі
бет96/133
Дата03.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#170897
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   133
Байланысты:
Ә,Алдамұратов Жалпы психология

§ 4. Арман, мұң
Адам қиялының ерекше бір түрі — арман. Бұл — актнв әрекетшіл қиял, өз мақсатымыз бен мүддемізге орай
бейнелср жасау, игі мақсат-мүддемізді іс жузіне асыруды қиялдау. Басқаша айтқанда, арман — келешектегі әрекеттсрге
151


арналған киял. Ол — шығармашылық қиял емес, бірақ, соған дайындыктың бастапқы сатысы. Арманды бағалауда
ескеретін жайттар: а) арманның әре-кстке қатысы; ә) шындықпен жанасуы; б) оның келешек үшін мәні.
Арман бос қиялдаумен түк те жанаспайды. Бос қиялдың өмір үшін ешбір пайдасы жоқ, ол — арманның тиімсіз
түрі. Бұл — қажырсыз қиял. Мұндай қиял адамды белгілі бір мақсатқа не нәтижеге жетелемейді Арман — қиялдың
ерікті түрі, ол әрі саналы, әрі белсенді сипатқа ие. Әрекет етудің орнына адам бос қиялға берілсе, онда оның бұл
жағдайы босқа адасу, жігерсіз әрекет болар еді.
Адамның жігерсіз іс-әрекетіндегі қиялдың бір түрі — мұң. Мұн — адамның бұрын басынан кешірген қолайсыз
оқиғадары мен сәтсіз істері жайындағы ойы, мақсатты істерінің жүзеге аспауы туралы, оған себепкер болған жайттар
жайындағы қиялы. Осындай қолайсыз бейнелердің тізбегі кім-кімнің болмасын тынышын кетіріп, ойын бөледі. Бұл —
қиялдың әрекетсіз түрі, сондай-ақ, шындықтан жалтару болып саналады. Әдетте, еркі күшті адам мұндай қолайсыз
қиялдан арылудьщ жолын іздестіріп, мақсатгы істі жүзеге асыру әрекетіне ауысады да, өзің-өзі меңгереді.
§ 5. Қиялдың даралық айырмашылықтары
Әр адамның қиялы әр түрлі. Бір адамнын қиялы бай, өрісі кең, шындыкпен орайласып, тиісті мақсат-мүддені
жүзеге асырумен, шындықпен ұштасып жатады. Ал екінші біреулердің қиялы өрісі тар, жетілмеген, пәрменсіз.
Шындыққа сай келетін қиялдардың мазмұны терең олар өмір тәжірибелеріне, білімге негізделген. Мысалы,
американдық ғалым Эдиссон қиялы күшті дамыған адам болған. Ол бір машинаны үш түрлі жолмен жасауға болады
деген пікірмен келіспей, оны 48 түрлі жолмен жасауды ұсынған. Мұндай қиялдан жаңаны іздеп табу, белгісіз нәрсені
ашуға ұмтылу әрекеті байқалады.
Шындық нәрсенің өңін айналдырьш, теріс түсінетіндер де болады. Адамдардың қиялы бір-бірінен пәрменділігімен
де ажыратылады. Мысалы, біреулер мәселент шешерден бұрын бар ақыл-ойын сонын төңірегіне жинақтап, әр сөзін
таразылап, терең ойланаду, басқалармен кеңесіп, тәжірабе жасайды. Мұндай іс-әрекетте адам өз кейіпкерлерімен іштей
араласып, сырласады, олармен бірге өмір сүреді.
Қиялы әлсіз адамдар кітап оқыса, қызықты оқиғаларды ғана іздеп, оны түгел оқымайды. Шын мәнісіндегі қиял
ғана адамды жемісті іс-әрекетке. белгілі мүддені орындауға жетелейді, оның рухани өсуіне де ерекше ыкпал етеді.
152




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   133




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет