жуынып-шайыну -әдеттің ұнамды әрі пайдалы түрлері. Ал ұстамсыздық біреудің сөзіне кесе-көлденең кірісіп, оны бөлу
— әдеттің ұнамсыз сипаттары. Жағымды әрекеттер адам мінезінің ұнамды жақтарын қалыптастыруға әсер етеді. :
Ниет (мотив)
— адамның белгілі қажеттіліктерді қанааттандыру-дағы іс-әрекетіне байланысты психологиялық
көңіл-күйі. Қажеттілік — адамның белсенді әректін тудыратын қозғаушы күш делінсе, ал ниет — сол қажеттіліктің
нақты көрінісі. Ниет адамды түрлі әрекет терге ұмтылдырады. Олар мазмұнына, нақіы мақсатына қарай
айқын ниет
және
көмескі ниет
болып бөлінеді. Ниеттердің бір-бірімен алмасуы адамның қоғамдық-тарнхи жағдайына байланысты.
Адамдардың ниеті бірнеше сатыдан құралады. Олар: әуестену,
ықылас-ынта, Мүдде--
адамның мақсатты тілекке
жетуінің жоғары сатысы. Адам өз мүддесіне жету үшін
еңбектенеді, оқып білім
:
алумен
шұғылданады, спортпен
айналысьш, өнер үйренеді. Мұның бәрі мүдденің
мазмұнын білдіріп, адамға ақыл кірудің белгісі болып саналады.
Қызығу
— адамның танымдық қажеттіліктерді сезіп, олардың мән-жайын айқын түрде түсіндірудегі жан
дүниесінің сілкінісі. Қызыгу барысында адам өзініц әр нәрсені танып білу қажеттілігін қанағаттандыру үшін әрқилы
әрекеттерді белсенді түрде меңгеру керектігін түсінеді Адамның танып білу әрекетінің қозғаушы күші ретінде кызығу
мазмұнына,
мақсатына, кеңдігі мен тұрақтылык қасиеттеріне орай топтастырылып қарастырылады.
Сенім
— адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі. Өз қажеттілігін
орындау жолында адам дүниетанымдық көзқарасында, табиғат пен қоғам заңдылықтары жөніндегі ұғымдарына өмір
тәжірибесіне сүйене отырып іс-әрекет жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: