Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы- мы пән



Pdf көрінісі
бет36/133
Дата03.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#170897
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   133
Байланысты:
Ә,Алдамұратов Жалпы психология
Тыныс сро, Антибиотиктер, 1.Еңбек жағдайл-WPS Office, 1212, 3-апта СӨЖ Беккали, көші қон, патан тест рк база, Документ Merey, философия, 1. Қазақстан Ре-WPS Office, 8апта социология, серозды туберкулез Шакен Э 13-2, Бақылау сұрақтары мен есептер, Фарма, Микро бөж 3сабақ Шакен Э
Дағды мен ептілік.
Дагды
— адамнын белгілі іс-әрекеттті сан рет қайталап отыруы нәтижесінде
қалыптасып,автоматты түрде орындалатын ісі. Мәселен, балада оқу дағдысының қалыптасуы, кызметкердін міндетті ісін
орындауы. Дағдының қалыптасуында максат кою негізгі рөл атқарады. Дағдының кальштасуы қимыл-қозғалыстар мен
әрекет жасауға орай бірнеше сатылардан тұрады.
Адам әрекетіндегі ептілік (бейімділік) — белгілі бір істі атқаруға бейім тұру, өзнің игерген білімін, дағдысын түрлі
жағдайда қолдана білу. Ептілікті жеке қарастырсақ, ол адамның дағдыдан өзгешелеу ұқыптылық қасиетін көрсетеді.
Ептіліктің тағы бір ерекшелігі адамның, өз білімін қажет болған кез-келген жағдайда қолдана білу әрекетінен анық
байқалады.
Әдет — адамның іс-әрекетіндегі мінез-құлыққа байланысты тұрақты қасиеті. Психологиялық тұрғыдан алғанда
әдет адамның белгілі іс-әрекет түрін бұрынғы өмір тәжірибесінде қалыптаскан дағдылары мен біліміне сүйене отырьш
жүзеге асырады. Адамның тарихи дамуында ол көпшіліктіқ игілігіне, әдет-ғұрып, салт-дәстүрге айналып, халықтық
сипат алуы мүмкін. Әдет — адамның қажет-тілігін етеуге сәйкес қайталанъш отыратын әрекет. Ол адамның кез-келген
іс-әрекетінің түрінде кездеседі. Еңбексүйгіштік, жақын адамдардың ісіне көмектесу, ұйықтау алдында серуендеп,
61


жуынып-шайыну -әдеттің ұнамды әрі пайдалы түрлері. Ал ұстамсыздық біреудің сөзіне кесе-көлденең кірісіп, оны бөлу
— әдеттің ұнамсыз сипаттары. Жағымды әрекеттер адам мінезінің ұнамды жақтарын қалыптастыруға әсер етеді. :
Ниет (мотив)
— адамның белгілі қажеттіліктерді қанааттандыру-дағы іс-әрекетіне байланысты психологиялық
көңіл-күйі. Қажеттілік — адамның белсенді әректін тудыратын қозғаушы күш делінсе, ал ниет — сол қажеттіліктің
нақты көрінісі. Ниет адамды түрлі әрекет терге ұмтылдырады. Олар мазмұнына, нақіы мақсатына қарай
айқын ниет
және 
көмескі ниет 
болып бөлінеді. Ниеттердің бір-бірімен алмасуы адамның қоғамдық-тарнхи жағдайына байланысты.
Адамдардың ниеті бірнеше сатыдан құралады. Олар: әуестену, ықылас-ынта, Мүдде--
адамның мақсатты тілекке
жетуінің жоғары сатысы. Адам өз мүддесіне жету үшін еңбектенеді, оқып білім
:
алумен шұғылданады, спортпен
айналысьш, өнер үйренеді. Мұның бәрі мүдденің мазмұнын білдіріп, адамға ақыл кірудің белгісі болып саналады.
Қызығу
— адамның танымдық қажеттіліктерді сезіп, олардың мән-жайын айқын түрде түсіндірудегі жан
дүниесінің сілкінісі. Қызыгу барысында адам өзініц әр нәрсені танып білу қажеттілігін қанағаттандыру үшін әрқилы
әрекеттерді белсенді түрде меңгеру керектігін түсінеді Адамның танып білу әрекетінің қозғаушы күші ретінде кызығу
мазмұнына, мақсатына, кеңдігі мен тұрақтылык қасиеттеріне орай топтастырылып қарастырылады.
Сенім
— адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі. Өз қажеттілігін
орындау жолында адам дүниетанымдық көзқарасында, табиғат пен қоғам заңдылықтары жөніндегі ұғымдарына өмір
тәжірибесіне сүйене отырып іс-әрекет жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   133




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет