Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы- мы пән



Pdf көрінісі
бет47/133
Дата03.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#170897
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   133
Байланысты:
Ә,Алдамұратов Жалпы психология

динамикалық
стереотип
деп атаймыз. Қозу мен тежелудің осындай бірқалыпты стереотиптсрі сыртқы ортадан
келетін тітіркендіргіш-тердің бірсыдырғы тұрақталға жағдайында ғана жасалады. Динамикалық стереотмптер сыртқы
ортаньщ өзгеруіне қарай жаңадан жасалып, ал сол ортаға сәйкес келмеген жағдайларда қантадан жаңғырып тұрады.
Адамның әр алуан дағдылары мен әдеттері, мінез-құлкы бітістерінің бірқалыпты көріністер осы динамикалық
стсреотиптерден тұрады және адамның бірсыпыра писологиялық ерекшеліктерінін табиғи ғылыми негізін құрайды.
Динамнкалық стереотипті тауып
 
зертгеген — И. П. Павдов.
80


3. Иррадиация, концентрация жэне индукция —
жоғары жүйке қызметінің заңдылықтары
Жоғары жүйке қызметінің күрделі мәселелерін анықтаудағы аса қажетті шарттың бірі —
иррадиация,
концентрация
және
индукция
заңдарының мазмүн мәністерін-ашьпі көрсету. Сырттан келген әсерлердің арқасында
жүйке талшықтарында туған қозу мен өзінің тиісті орталығына жеткеннен кейін маңайындағы көршілес басқа
орталықтарға тарап отырады Бұл — қозу мен тежелуде болатын құбылыс. Қозудың да, тежелудің де белгілі
орталықтарда тұрақтап қалмай, көршілес орталықтарға таралуын (жайылуын)
иррадиация
деп атайды. Мәсслен бала
ауыр жұмыс істейтін болса, қолының. ғана емес, бүкіл денесінің, тіпті бетінің де бұлшық еттері қатынасатынын
байқаймыз. Бұл — иррадиацня заңының, нәтижесі
Біршама уакыттан соң, дағдылану аркасында әрекетке қажетсіз бұлшық еттердің қозғалысы тиылып, керекті
бұлшық еттерді қимылдауға мәжбүр етсді. Міне, осындай процестер — концентрация занының құбылыстары.
Концентрация
заңы
деп қозу болмаса, тсжелудің көршілес орталықтарда солғындап, мүлдсм сөніп,өздерінің іздеген
орталықтарына орналасуын айтады. Басқаша атқанда, ол — қозу мен тежелудің ми қабығында бір жерге жинақталып,
шоғырлануы.
Мн жарты шарларының қабығында жаңадан пайда болатьн қозу не тежелу алдымен жайылады да, содан кейін
қайталану нәтижесін-де өз орталықтарына шоғырланып, жиыла бастайды. Жоғары жүйке қызметіндегі жайылу мен
шоғырланудан өзгешс тағы бір заңдылық бар. Оны өзара иидукция заңы деп атаймыз, Егер де мн қабығының белгілі бір
алабында қозу процссі туса, маңайындағы басқа орталықтарда тежелу пайда болады немесе бір орталықта тежелу
басталса, басқа орталық қоса бастайды. Мұндай зандылықты өзара индукция дейді. Өзара пндукцияның екі түрі бар.
Оның бірі — қозу не тежелу бір орталықта пайда болған кезде басқа ор-талықтарда, керісінше, тежелу не қозу туатын
жагдай. Ми қызмсті-нің мұндай ерекшеліктерін 
бір мезгілдік индукция 
деп атайды. Екінші түрі — бір орталықтың де екі
жүйкелік процесс — қозу мен тежелу тізбез бірінен соң бірі туатын кез. Бұл — 
бірізділік 
индукция делінеді. Иррадиация
мен концентрация және индукция; зандылықтарының бейнесі мына төмендегі сызбалда неленіп көрсетілген.
81




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   133




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет