Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы- мы пән



Pdf көрінісі
бет55/133
Дата03.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#170897
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   133
Байланысты:
Ә,Алдамұратов Жалпы психология

ІХтарау. МІНЕЗ
§ 1- Мінез. Мінездің
фенотиптігі, темпераменттің генотиптігі
Әрбір адам басқа адамдардан өзінің даралық өзгешелігімен ерекшеленеді. Бұл орайда, адамдар мінез
ерекшеліктерінде орай ажыратылады. “Мінез” деген психолиглық қасиеттің төркіні гректің “характер” дег( сөзінен
шыққан. Мәнісі-із 
қалдыру. 
Психологияда бұл- дербестіқ; мағынасы бар адамға байланысты ұғым.
Мікез
— әрбір адамның жеке басына тән езіндік
псхологяялық қасиеттер мен ерекшеліктердің
жиынтығы
.Мінездің қасиеттері мен ерекшеліктері әркімде әрқилы жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға
қатынасын білдіреді Мінез ерекшеліктері — адамның даралық өзіндік психикалық қасиеттері. Дегенмен, адам
бойындағы ерекшеліктердің бәрі бірдей, мысалы, естудің нәзіктігі, көздің көргішті, есте сақтаудың шапшандығы, ақыл-
ойдың тереңдігі мінез ерекшеліктеріне жатпады.
91


Адам мінезінің көріністері әрбір жеке жағдайда, оныі оқиғаларға қатысуынан аңғарылады Адамның іс-әрекеі
сапасы сол іске деген қатынасымен қатар ерік-жігеріне көңіл-күйіне, зейініне, ақыл-ойына да байданысты болады.
Сонын нәтижесінде адамның әр алуан психикалық процестері оның іс-әрекет түрлеріне ықпал етіп, адамның ақыл-
ойын, көңіл-күйін, эмоциясын, ерік-жігер қасиеттерінің ерекшеліктерін айқын аңғартады. 
Адам мінезнің даралық ерекшелік екекдігін ғылым тарихында тұңгыш рет сипаттап жазған — ертедегі грек
философы Теофраст (б. з. д. IV—III ғғ). Бірақ ол мінезді адамның адамгершілік сапасына тән қасиет дейді.Лабройер де
(XVIII ғ.) “Теофраст мінездері” деген еңбегінде мінезді осы мағынада қолданған. Алғашқы кезде мінез адамның
әлеуметтік-адамгершілік ерекшеліктерін білдірген. Бұл—әрине, темпераментке кері анықтама. Өйткені, темперамент —
адамда туа пайда болатын генотипті организм қасиеті. Осы көзқарасқа орай, мінез —адамның туа пайда болатын
фенотипті ерекшелігі. 
XIX ғасырда француз ғалымы А. Бен мінезді тек психологиялық ерекшелік, дара адамның ақыл-ойы мен сезімнің
және ерік ерекшеліктерінің қасиеті деп санады. Т Рибо мінезді сезім мен ерік ерекшелігі десе, ал орыс медигі әрі педагог
П. Ф. Лесгафт ерік қасиеті деді.
И Кант (XVIII ғ.) мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны адамда жүре пайда болатын қасиет деп
анықтады. Сондай-ақ, ол адамның даралық қасиеттеріндегі туа пайда болатын ерекшеліктер мен жүре пайда болатьш
ерекшеліктерді бөліп көрсетеді. Т. Рибо мінезді адамда туа пайда болатын икемделу десе, ал Малапер, Фулье т б.
мінездің туа пайда болумен қатар жүре пайда болатьш ерекшеліктері де бар дейді. Полан мінездің. барлық сипаттары
адамның тіршілік жағдайымен байланысты деген пікір айтады- Сонымен, мінез жөніндегі осындай екі түрлі көзқарас
қазірге дейін өзара талас-тартыс туғызып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   133




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет