Адам өмірінде жасалған уақытша байланыстарды тұрақты жүйесі
оның қылывдна, Іс-әрекеттеріне күрдел
өзгерістер енгізеді. Кісінің қоғамдык-әлеуметтік қөзқарастарының ұнамды қасиеттерін жетілдіріп дамытуынг әсер етеді.
Жеке адамның даралық өзгешелігі болып саналатын мінезі уақытша байланыстар жүйесі бойынша қалыптасады. Осы
орайда, біз темпераменттің жүйкке жүйесінің туа пайда болатын типтік қасиеті, ал мінездің адам бойында жүре пайда
болатын психологиялык, ерекшелік екеніне көз жеткіземіз. Балалар мен шәкірттердін психикалық дамуында олардың
мінез қырлары жетіліп, темперамент мінез құрамына қосылады.
Темперамент типтерін жақсы, жаман деп ажырату дұрыс емес, Өйткені, әрбір темпераменттің жарамды, жарамсыз
және ұнамды, ұнамсыз сяпаттары болатындығына көз жеткіздік. Мәселен, ұстамсыз тип холерикт( шапшаң қимылдап,
істі жігерлі атқаруға баулу флегматиктен оңай. Ал флегматикті салмақты, сабырлы болуға үйрету холерикті үйретуден
жеңіл. Сангвиниктің сергек, қайырымды қаси еттері, флегматиктің асықпайтын салмақтылығы, холериктің жігерлілігі,
меланхоликтің ұзақ сақталатын терең сезімі темперамент типтерінід аса бағалы сипаттары болып саналады.
Темперамент ерекшеліктерінің ұнащда қасиеттері баланың бойында сіңіру үшін оларды жастайынан
тәрбиелеп,мінез-құлықтарының жағымды қырларын қалыптастырьш отыру -ата-аналардың,
ұстаздар мен
тәрбиешілердің борышы және қоғам алдындағы жауапты міндеті. Соидай-ақ, тәлім-тәрбие істерінде балалар мен
шәкітердің бойындағы темперамент типтермен хабардар болып, олардың даралық ерекшеліктерін ескерш отыру-лын да
маңызы зор. ,
Баланың типтік сипатын жақсы білу үшш флегматикті жұмысын, сабақ кезендерінің басында қадағалаған жөн. Дер
кезінде ескерілмей, назардан тыс қалған бала темпераментінің ұнамсыз жақтары
кімге болса да опық жегізуі
мүмкін .Мысалы, сангвиникті ісін бастаған кезінен бақылауға алу керек. Олай етпеген жағдайда ол ауытқып кетуі
мүмкін. Бала сабақ үстінде, үзіліс кезінде тәртіпсіз қылық көрсететін болса, оның өзіндік даралық еремшелігіне орай
әралуан әдіс-тәсілдермен ықпал ету тиімді болмақ. Меланхоликке мұндай жағдайда ұстаздың суық қабақпен бір
қарағаны да жеткілікті. Ал холерикке байсалды үнмен қатан ескерту жасау, қажет болғанда оны қайталау да керек.
Тәлім-тәрбие істерінін,
басты мақсаты — шәкірттердің темперамент типтерімен жете танысып, олардың ұнамды қасиеттері мен сапалы
ерекшеліктерін дамытып отыру.
Тәлім-тәрбие, өмір тәжірибесі темперамент типтеріндегі кейбір қылықтарды дамытып, жағымсыз жақтарын тежеп
отыруды талап етеді. Мысалы, холериктің күйгелек, ашуланғыш,
құбылмалы оқыс қылықтарын, мазасыздығын,
менмендік сипаттарын тежей отырып, оның алғырлығын оқу материалын ұғына білуге бағыт-таған абзал. Сангвиниктің
жеңілтек, тиянақсыз, үстірт қылықтарын
тәрбие арқылы өзгертіп, ұнамды сипатка айналдыру керек. Флегматиктің
90
керенау, жалқау, салқын қылықтарын жүрек тебірентерлік өткір сезімге айналдыруға,
сергімейтін мінезін және
күнделікті тіршілігшен ғана шұғылданатын әрекетін өзгертіп, оны қоғамдык өрелі істермен айналысуға баулуға болады.
Болмашы нәрсені ауыр алатын кінәмшіл, уайымшыл, тұйық кылықты меланхоликтің де қажырсыз,
селкос мінезін
өзгертіп, басқа типке жақындастыруға болады.
Темперамент типтерін тәрбиелеуді баланьщ ерік-жігерін, мінез бітімін, сезім-эмодияларын дамытумен ұшстыра
жүргізген тиімді болмақ. Ерік-жігері күшті адамның ез темпераментін тәрбиелеп, ұнамды сипаттарын жетілдіруі оңай.
Еркі күшті адамға темпераменттің қандайы болса да жарасымды. Мәселен, нағыз холеик темпераментінің өкілі болған
ұлы қолбасшы А В.Суворов — ерік жігерінің аса күштілігі нәтижесінде темперамент жетегінде кетпей, батылдық пен
ерліктің керемет үлгісін көрсетіп, Отанының құрметіне бөленген жан
Совымен, темпераменттің адам психикасындағы мәнін жоғары бағалай отырып, оның адам бойындағы табиғи
қасит — жүйке жүйесінің типтерімен байланыс екеніне көз жеткіздік. Дегенмен, темперамент адам пихологиясының
бүкіл дерлік мазмұн-мәнін құрай алмады. Өмір-тіршілігінде адамның темперамент сипаттары өзгеріп, жаңа сапаларға ие
болып отырады. Әрбір адамның темпераменті оның психикалық әрекетінің сыртқы көрінісінде із қалдырғанымен, ақыл-
ойының, дүние танымының әдістеріне елеулі әсер ете алмайды, Өйткені темперперамент —
адамның дара
психологиясының өзіндік
бір сипаты ғана.
Достарыңызбен бөлісу: