Алғы сөЗ Ұсынылып отырған «Нотариат» пәні бойынша оқу-әдістемелік құралы «Құқықтану»


Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия



бет20/61
Дата08.02.2022
өлшемі217,23 Kb.
#119695
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   61
Байланысты:
нотариат

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия
1. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi берген лицензия (нотариус лицензиясы) нотариусқа нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлдiк бередi.
2. Нотариус лицензиясын алуға қажеттi құжаттардың тiзбесi, лицензия беру мерзімі мен тәртібі тиісті нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.
3. Нотариус лицензиясы мерзiмi шектелмей берiлетiн басты лицензия болып табылады және ол Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылады.
4. Нотариус лицензиясын беру үшiн алым алынады, оның мөлшерi мен төлену тәртiбi салық заңдарымен белгiленедi.
5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзедi және ведомстволық баспасөз органында нотариаттық қызметпен айналысуға лицензия берiлген адамдар туралы мәлiметтер жариялайды, онда:
1) нотариустың тегi, аты, әкесiнiң аты;
2) лицензия берiлген күн мен оның нөмiрi көрсетiледi.
6. Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасында немесе Қазақстан Республикасы Жоғары Сот кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған адамдар, тұрақты судьялар және өз міндеттерін атқару кезінде теріс қылықтар жасағаны және заңдылықты бұзғаны үшін судьялық қызметінен босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдар, сондай-ақ мемлекеттiк нотариустар аттестаттаудан өтпестен нотариаттық қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға құқылы.
Тақырыбы:Нотариаттық палата



  1. Нотариаттық палатаның басқару органдары

  2. Нотариаттық палатаның төрағасы

  3. Нотариаттық палатаның өкiлеттiгi

  4. Нотариаттық палатаның жарғысы

  5. Республикалық нотариаттық палатаның өкiлеттiгi

Нотариаттық палата жеке практикамен айналысатын нотариустардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiру және қорғау үшiн, сондай-ақ нотариаттық iс-әрекеттер жасау кезiнде нотариат туралы заңдардың орындалуына бақылау жасау үшiн құрылатын коммерциялық емес, кәсiптiк, өзiн-өзi қаржыландыратын ұйым болып табылады.


Нотариаттық палатаның қызметi осы Заңмен және жарғымен реттеледi. Нотариаттық палата заңды тұлға болып табылады және заңда белгiленген тәртiппен тiркелуге тиiс.
Қазақстан Республикасының әрбiр облысы, республикалық маңызы бар қалалары мен астанасы аумағында бiр нотариаттық палата құрылады.
Республикалық нотариаттық палата аумақтық нотариаттық палаталарды біріктіретін, коммерциялық емес кәсiптiк өзiн-өзi қаржыландыратын ұйым болып табылады.Заң талаптарына адамның сәйкес келмеген жағдайларынан басқа, нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиясы бар адамды нотариаттық палатаға мүше етуден бас тартуға болмайды.
Нотариаттық палаталардың кіру жарнасын алуына жол берілмейді.
Нотариаттық палатаның басқару органдары

  • Нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысы нотариаттық палатаның жоғары басқару органы болып табылады.

  • Жалпы жиналыстың айрықша құзыретіне:

  • нотариаттық палатаның жарғысын қабылдау, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

  • нотариаттық палата төрағасын, басқарманың және тексеру комиссиясының мүшелерін сайлау;

  • нотариаттық палата қызметінің негізгі бағыттарын айқындау;

  • нотариаттық палатаның бюджетін бекіту жатады.

  • Нотариаттық палатаның жарғысында шешімдер қабылдау бойынша жалпы жиналыстың айрықша құзыретіне жатқызылған өзге де мәселелер көзделуі мүмкін.

  • Нотариаттық палатаға басшылықты нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысында сайланған нотариаттық палатаның басқармасы мен төрағасы жүзеге асырады. Нотариаттық палата мүшелері жалпы жиналысының, нотариаттық палата басқармасының және нотариаттық палата төрағасының құзыреті нотариаттық палатаның жарғысымен регламенттеледі.

  • Басқарма мүшелері төрт жыл мерзімге жасырын дауыс беру арқылы сайланады.

  • Құрамына кемінде бес адам кіретін басқарма нотариаттық палатаның басқару органы болып табылады.

  • Нотариаттық палата мүшелерінің жиналысын шақыру тәртібі мен мерзімі, сондай-ақ нотариаттық палатаның төрағасы мен басқару органдарының өкілеттіктері нотариаттық палатаның жарғысында айқындалады.

Нотариаттық палатаның төрағасы
1. Нотариаттық палатаның төрағасы болып оны сайлаған күнге дейін тікелей кемінде бес жыл нотариаттық палатаның мүшесі болған нотариус сайланады.
Нотариаттық палатаның төрағасы жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайланады.
2. Нотариаттық палатаның төрағасы:
1) нотариаттық палатаның жұмысын ұйымдастырады, нотариаттық палатаға жүктелген міндеттердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
2) нотариаттық палатаның жұмысына басшылық жасайды, нотариаттық палатаның қызметкерлерін жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады;
3) мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерде, басқа да ұйымдарда нотариаттық палатаның мүддесін білдіреді;
4) нотариаттық палата жарғысында көзделген, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет