Алғы сөЗ Ұсынылып отырған «Нотариат» пәні бойынша оқу-әдістемелік құралы «Құқықтану»


Республикалық нотариаттық палатаның өкiлеттiгi



бет23/61
Дата08.02.2022
өлшемі217,23 Kb.
#119695
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   61
Байланысты:
нотариат

Республикалық нотариаттық палатаның өкiлеттiгi
Республикалық нотариаттық палатаның қызметi осы Заңмен және оның жарғысымен белгiленедi. Республикалық нотариаттық палата заңда белгiленген тәртiппен тiркелуге тиiс.
Республикалық нотариаттық палата:
1) нотариаттық палаталардың қызметiн үйлестiрiп отырады;
2)мемлекеттiк органдарда, мемлекеттiк емес ұйымдарда, оның iшiнде шетелдiк және халықаралық ұйымдарда нотариаттық палаталар мен нотариустардың мүдделерiн бiлдiредi;
3) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң нотариат мәселелерi бойынша заң жобалары жөнiндегi және сарапшылық қызметiне қатысады;
4) нотариустарды оқытуды ұйымдастырады;
5) нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге қатысады және нотариат мәселелерi жөнiнде әдiстемелiк материалдар әзiрлейдi;
6) Нотариустың ар-ождан кодексiн әзiрлеп, бекiтедi;
Заңдарға және халықаралық шарттарға қайшы келмейтiн өзге де қызметтi жүзеге асырады.
Республикалық нотариаттық палата Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде өз қызметi туралы жыл сайын ақпарат берiп отырады.
Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы болып оны сайлаған күнге дейін тікелей кемінде бес жыл нотариаттық палатаның мүшесі болған нотариус сайланады.
Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайланады.
Республикалық нотариаттық палатаның төрағасын сайлау тәртібі және оның өкілеттіктері осы Заңда және Республикалық нотариаттық палатаның жарғысында айқындалады
Тақырып:Нотариаттық қызметке ақы төлеу



  1. Нотариаттық iс-әрекеттерге ақы төлеу

  2. Жекеше нотариус нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтер көрсетуге ақы төлеу

Мемлекеттiк нотариат кеңсесiнде жұмыс iстейтiн нотариус пен аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң әкiмi аппаратының лауазымды адамы нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген ставкалар бойынша мемлекеттiк баж алады.


Жекеше нотариус жасайтын нотариаттық iс-әрекеттерге ақы Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген мемлекеттiк баж мөлшерiне сәйкес келетiн ставкалар бойынша төленедi.
Қазақстан Республикасы консулдық мекемесінің лауазымды адамы нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және мөлшерде консулдық алым алады.
Жеке және заңды тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген нотариаттық iс-әрекеттерге ақы төлеу жөнiндегi жеңiлдiктер бұл адамдарға жеке практикамен айналысатын нотариус нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде де қолданылады.
Нотариаттық iс-әрекет жасау үшiн нотариус өзiнiң жұмыс орнынан тыс жерге барған жағдайда мүдделi адамдар оған нақты көлiк шығыстарын өтейдi.
Жекеше нотариус нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтер көрсетуге ақы төлеу
Жекеше нотариус нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде техникалық және құқықтық сипаттағы қосымша қызметтер көрсеткені үшін осы бапта көзделген мөлшерде мынадай төлемақы алады:
 1)қалалық жерлердегі жылжымайтын мүлікті (жер учаскелерін, тұрғын үйлерді, пәтерлерді, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлікті) иеліктен шығару туралы шарттарды куәландырған кезде:
егер тараптардың бірі заңды тұлға болып табылса – 7 айлық есептік көрсеткіш;
балаларына, жұбайына, ата-аналарына, туған аға-інілері мен апа-қарындастарына, сіңлілеріне, немерелеріне – 2 айлық есептік көрсеткіш;
басқа адамдарға – 5 айлық есептік көрсеткіш;
егер мәміле жылжымайтын мүлікті ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша алынған қаражат есебінен сатып алу мақсатында жасалатын болса – 2 айлық есептік көрсеткіш;
 2) ауылдық жерлердегі жылжымайтын мүлікті (жер учаскелерін, тұрғын үйлерді, пәтерлерді, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлікті) иеліктен шығару туралы шарттарды куәландырған кезде:
егер тараптардың бірі заңды тұлға болып табылса – 2 айлық есептік көрсеткіш;
балаларына, жұбайына, ата-аналарына, туған аға-інілері мен апа-қарындастарына, сіңлілеріне, немерелеріне – 1 айлық есептік көрсеткіш; басқа адамдарға – 2 айлық есептік көрсеткіш;
3) автомотокөлік құралдарын иеліктен шығару туралы шарттарды куәландырған кезде:
егер тараптардың бірі заңды тұлға болып табылса – 5 айлық есептік көрсеткіш;
балаларына, жұбайына, ата-аналарына, туған аға-інілері мен апа-қарындастарына, сіңлілеріне, немерелеріне – 2 айлық есептік көрсеткіш;басқа адамдарға – 5 айлық есептік көрсеткіш;
4) жалға беру, заем (ипотекалық тұрғын үй заемы шартын қоспағанда), кепілақы, лизинг, мердігерлік шарттарын, неке келісімшарттарын, ортақ меншіктегі мүлікті бөлу, мұрагерлік мүлікті бөлу шарттарын, алименттерді төлеу жөніндегі келісімдерді, құрылтай шарттарын куәландырған кезде – 5 айлық есептік көрсеткіш;
5) ипотекалық тұрғын үй заемы шарттарын куәландырған кезде – 2 айлық есептік көрсеткіш;
6) өсиеттерді куәландырған кезде – 2 айлық есептік көрсеткіш;
7) мұрагерлікке құқық туралы куәлікті бергені үшін – берілген әрбір куәлік үшін 3 айлық есептік көрсеткіш;
 8) ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлеске және бірлескен ортақ меншік құқығында мүлкі бар өзге де адамдардың меншік құқығы туралы куәлікті берген кезде – 4 айлық есептік көрсеткіш;
 9) мүлікті пайдалану және иелік ету құқығына сенімхаттарды куәландырған кезде – 2 айлық есептік көрсеткіш;
 10) сату құқығынсыз автокөлік құралдарын пайдалану және басқару құқығына сенімхаттарды куәландырған кезде – 1 айлық есептік көрсеткіш;
11) автокөлік құралдарын сатуға, сыйға тартуға, айырбастауға сенімхаттарды куәландырған кезде – 2 айлық есептік көрсеткіш;
12) басқа сенімхаттарды куәландырған кезде:
жеке тұлғалар үшін – 1 айлық есептік көрсеткіш;
заңды тұлғалар үшін – 2 айлық есептік көрсеткіш;
13)теңіздік наразылық жасаған кезде – 5 айлық есептік көрсеткіш;
14)құжаттардың көшірмелері мен құжаттардың үзінді көшірмелерін куәландырған кезде (әр беті үшін):
жеке тұлғалар үшін – 0,05 айлық есептік көрсеткіш;
заңды тұлғалар үшін – 0,07 айлық есептік көрсеткіш;
15) құжаттардағы қойылған қолдың, сондай-ақ құжаттардың бір тілден басқа тілге аудармасының дұрыстығын куәландырған кезде (әрбір құжат үшін):
жеке тұлғалар үшін – 0,5 айлық есептік көрсеткіш;
заңды тұлғалар үшін – 1 айлық есептік көрсеткіш;
16) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа жеке және заңды тұлғаларға берген кезде – 0,5 айлық есептік көрсеткіш;
17) құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін берген кезде – 0,5 айлық есептік көрсеткіш;
18) телнұсқаны берген кезде – 2 айлық есептік көрсеткіш;
19) банктерде шот ашқан кезде қойылған қолдардың растығын куәландырған кезде (әрбір құжат үшін):
жеке тұлғалар үшін – 0,3 айлық есептік көрсеткіш;
заңды тұлғалар үшін – 0,5 айлық есептік көрсеткіш;
20) жылжымайтын мүліктің кепілзат шарттарын, ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша талап ету құқықтары мен ипотекалық куәліктерді куәландырған кезде – 2 айлық есептік көрсеткіш; өзге де кепілзат шарттарын куәландырған кезде – 3 айлық есептік көрсеткіш;
21) вексель наразылығын жасаған кезде және чектің төленбегенін куәландырған кезде – 1 айлық есептік көрсеткіш;
22) құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтаған кезде – әр айға 0,5 айлық есептік көрсеткіш;
22-1) атқарушылық жазба жасағаны үшін – 1 айлық есептік көрсеткіш;
23) кепілгерлік пен кепілдік шарттарын куәландырған кезде – 1 айлық есептік көрсеткіш;
24) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген басқа да нотариаттық іс-әрекеттерді жасаған кезде – 7 айлық есептік көрсеткіш.
Жекеше нотариустың нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтер көрсеткеніне ақы төлеуден мыналар:
1) нотариаттық куәландыруға жататын құжаттың жобасын өздері дайындаған жеке және заңды тұлғалар;
2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 617-бабының 4), 6) және 7) тармақшаларында аталған адамдар;
3) қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар мен мүгедектер;
4) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балалар;
5) 1 және 2-топтағы мүгедектер;
жасына байланысты зейнеткерлер босатылады.
Тақырыбы: Мәмілелерді, мүлікті иеліктен алу туралы шарттарды, өсиеттерді,сенімхаттарды куәландыру

  1. Мәмілелерді куәландыру

  2. Мүлікті иеліктен алу туралы шарттарды куәландыру

  3. Сенімхаттарды куәландыру





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет