ТАПСЫРМАЛАР
Қарызға ақшаны берген кезде қарызға беру мәмілесі нотариалды куәландыруды қажет етеді ме? Егер қарызға беру шарты нотариалды куәландырусыз жасалған болса, онда ертеңгі күні қарызды қайтарылады ма?
* * * *
Азамат Абдулаев Асан ағасымен екеуі бір пәтерді жекешелендірумен алған болатын. Абдулаев Асанның ағасы бір мекемеге ақша қарыз болған соң сот орындаушылары пәтерге тыйым салған еді. Абдулаев Асан әтердегі өз үлесін қарындасына сыйға тартпақшы болғанн, бірақ нотариус сыйға тарту шартын рәсімдеуге болмайды, өйткені пәтер тыйымда деп бас тартып отыр. Нотариустың бұл әрекеті заңды ма?
* * * *
Азаматша Елеуова Динара жолдасы екеуі 4 жыл бұрын некелерін бұзып, ажырасып кеткен.Олар некеде тұрғанында 3 бөлмелі пәтер сатып алған. Ажырасқан кезде ортақ мүлікті бөлінбеген болатын. Енді қазір мен бұл пәтерді Елеуова Динара бөліп алмақшы. Сізден сұрайын дегенім – бұл пәтерді бөліп алу туралы сотқа арыз бере аламын ба?
* * * *
Азамат Даулетова Асел қайтыс болды.Қайтыс болар алдында Даулетова ешкімге өсиет қалдырмаған болатын, оның жалғыз баласы да өмірден өткен.Баласынан қалған бір немересі бар.Одан қалған 2 бөлмелі пәтерін Даулетованың аға-інілері бөлісе алмай жүр.Заң бойынша пәтер кімге өтуі тиіс?
1.Мүлік иесі қайтыс болғанан кейін мұраға алу құқығын қалайрәсімдеуге болады?
2.Мұрагерлікті қалай және қайда ресімдеуге болады?
* * * *
Кылышбаева заңды түрде жолдасымен ажырасып некесін бұады.Осы некеде болған кезде жолдасы екеуі 3 бөлмелі пәтер алған болаты.Ажырасқан кезде ортақ мүлікті бөлмедік.енді қазір Кылышбаева бұл пәтерді бөліп алмақшы.
Сұрақ: Кылышбаева осы пәтерді бөліп алу туралы сотқа арыз бере алады ма?
* * * *
Ата- анасы ажырасқанда мүліктің бөлігіне балалардың үлес құқығы болады ма?Сот ерлі- зайыптылардың мүлкін бөлген кезде балаларға да мүліктің бір бөлігін алып бере алады ма?
* * * *
Төребаевтың жұмыс орнында жалақысынан алиментке ұстап қалып жүр.Соттың шешімі бойынша алимент төлеуі қажет. Төребаевтың келісімінсіз жалақысынан ұстап қалу заңды ма?
* * * *
Достарыңызбен бөлісу: |