Қазақстан Республикасы Алматы облысы Талдықорған қаласы
Екі мың сегізінші жылдың жетінші ақпаны,
жергілікті уақыт 11 сағат 45 минут
Мен, 1939 жылдың 06 маусымында Алматы облысында туылған, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, қосалқы шаруашылықтың № 1 бөлімшесі, № 1 үйдегі 2 пәтерде тұратын Сидоров Сидор Сидорович, 1977 жылдың 05 маусымында Алматы облысында туылған, Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі,
№ 101 үйдегі 6 пәтерде тұратын куә Жанысова Гүльжан Азатовнаның көзінше өзім қайтыс болған жағдайда осы өсиетпен меншігімдегі мүлкіме қатысты төмендегідей билік етемін:
1. Маған тиесілі мүліктің ішінен Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Бетховен көшесінде орналасқан № 101 (жүз бірінші) тұрғын үйімді жер телімімен қоса 1961 жылдың 10 қазанында Алматы облысында туылған Есенов Алдаберген Каримовичке өсиет етемін. Осы өсиет бойынша мұрагерге өсиет етілген тұрғын үйдің 1/2 (екіден бір) бөлігін жер телімімен қоса Сидорова Татьяна Ивановнаның ғұмырлық пайдалануына беру міндетін жүктеймін.
2. Мен қайтыс болған кезде маған тиесілі қандай болмасын және қай жерде болмасын, қалған барлық мүлкімді 1961 жылдың 10 қазанында Алматы облысында туылған Есенов Алдаберген Каримовичке өсиет етемін. Және оған менің кітапханамдағы балаларға арналған әдебиеттерді Талдықорған қаласындағы балалар кітапханасына беру міндетін жүктеймін.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1050, 1053, 1054, 1069-баптарының мазмұны, осы мәміленің мәні мен құқықтық салдары маған және куәға түсіндірілді.
Осы өсиет екі дана етіп құрастырылып, оларға қол қойылды, оның бір данасы Талдықорған қаласының нотариусы З.А Халело-ваның істерінде сақталады, ал бір данасы өсиет қалдырушы Сидоров Сидор Сидоровичке беріледі, жасалған өсиеттің даналарының заңдылық күші бірдей.
Компьютерге терілген осы өсиетті нотариус менің айтуыммен құрастырды және өсиетті мен куә Жанысова Гүлжан Азатовнаның және нотариустың көзінше өзім оқыдым.
Достарыңызбен бөлісу: |