Алғы сөЗ Ұсынылып отырған «Нотариат» пәні бойынша оқу-әдістемелік құралы «Құқықтану»


Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы



бет37/61
Дата08.02.2022
өлшемі217,23 Kb.
#119695
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   61
Байланысты:
нотариат

МҰРАЛЫҚ МҮЛІКТІ БӨЛУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ

Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы


Екі мың бесінші жылдың екінші желтоқсаны

Біз, Петрова Людмила Васильевна, 13.05.1940 жылы ШҚО туылған, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 75 үйдің 60 пәтерінің тұрғыны, СТН 181810790822, және Петров Игорь Владимирович, 25.04,1966 жылы Қырғызстанда туылған, Өскемен қаласы, Куратов көшесі, 3 үйдің тұрғыны, СТН 181810080870, 02.12.2005 жылғы № 7-102 мұраға құқық туралы куәлікке сәйкес 2005 жылдың 28 наурызында қайтыс болған азамат Петров Владимир Автономовичтің мұралық мүлкіне тең үлестегі мұрагер-лері болып таныламыз.


Мұралық мүлік:
- 18.11.2005 жылы берілген № 7-5819 меншік туралы куәлік негізінде мұра қалдырушының атындағы Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 75 үйде орналасқан, тұрғын алаңы 28,60 ш.м., жалпы алаңы 51,10 ш.м. құрайтын екі бөлмелі № 60 пәтердің 1/2 үлесі;
- 20.04.2000 жылы ШҚО ІІД МАИ-мен берілген TC FA
№ 00041294 тіркеу туралы куәлігі негізінде мұра қалдырушының атындағы мемлекеттік тіркеу номері F 134 AUM, кузовы V2007336, қозғалтқышы 2031166, 1997 жылы шығарылған ВАЗ 21093 маркалы автокөлігі;
- «ТұранӘлемБанк» АҚ Өскемен қалалық бөлімшесінде ашылған №№ 801117, 901118, 283913 шоттарда сақталған барлық проценттік қосымшаларымен ақшалай салымдары.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1076-бабына сәйкес мұралық мүлікті бөлу туралы осы келісімді жасадық, осыған сәйкес:
1. Петрова Людмила Васильевнаның меншігіне өтетіні:
- Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 75 үйде орналасқан, тұрғын алаңы 28,60 ш.м., жалпы алаңы 51,10 ш.м. құрайтын екі бөлмелі № 60 пәтердің 1/2 (екіден бір бөлігіндегі) үлесі,
- «ТұранӘлемБанк» АҚ Өскемен қалалық бөлімшесінде ашылған № № 801117, 901118, 283913 шоттарда сақталған барлық пайыздық қосымшаларымен ақшалай салымдар.
2. Петров Игорь Владимировичтің меншігіне өтетіні:
- 20.04.2000 жылы ШҚО ІІД МАИ-мен берілген TC FA
№ 00041294 тіркеу туралы куәлігі негізінде мұра қалдырушының атындағы мемлекеттік тіркеу номері F 134 AUM, кузовы V2007336, қозғалтқышы 2031166, 1997 жылы шығарылған ВАЗ 21093 маркалы автокөлік.
Осы келісімді жасауға кеткен шығындарды тараптар өзара келісім арқылы төлейді.
Келісім үш данада жасалған, бір данасы ШҚО Өскемен қаласы нотариусы А.И. Иванованың істерінде сақталады және тараптарға әр қайсысына бір данадан табыс етіледі.
Келісім мәтінін біз оқыдық. Осы келісімнің мағынасын, маңызын, құқықтық салдарын нотариус бізге түсіндірді. Келісімнің мазмұны біздің шын ниетімізге сәйкес келеді.


Қолдары:
1. ________________________________________________________
2. ________________________________________________________

2005 жылдың 02 желтоқсанында осы келісімді мен, Иванова Анна Ивановна, 10.08.98 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен берілген № 0000112 лицензиясы негізінде әрекет етуші Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының нотариусы, куәландырдым. Келісімге тараптар менің көзімше қол қойды. Тараптардың жеке басы анықталды, олардың әрекет қабілеттілігі және мүліктің тиесілігі тексерілді.


ҚР Азаматтық кодексінің 155-бабына сәйкес осы келісім куәландырған күннен бастап алты ай ішінде Шығыс Қазақстан Әділет департаментінде және ШҚО ІІД ЖПБ-да тіркелуі қажет.

№ ________________ тізілімде тіркелді


Нотариусқа____________ теңге төленді
Нотариус _________________________
ӨСИЕТ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет