ЗАҢ БОЙЫНША МҰРАҒА ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ КУӘЛІК
Қазақстан Республикасы Алматы облысы Талдықорған қаласы
Екі мың сегізінші жылдың он бесінші сәуірі
Мен, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2003 жылдың 21 қаңтарындағы № 0001280 мемлекеттік лицензиясы негізінде әрекет етуші, Талдықорған қаласының нотариусы Халелова Захидам Абдуллаевна, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1061-бабының негізінде 2007 жылдың
27 шілдесінде қайтыс болған Юрьева Надежда Петровнаның мүлкіне 1952 жылдың 01 қаңтарында Алматы облысында туылған, Талдықорған қаласы, Алдабергенов көшесіндегі № 82 үйде тұратын ұлы Юрьев Владимир Викторович, оның ішінде - оның пайдасына бас тартқан мұра қалдырушының балалары: 1954 жылдың 15 наурызында Алматы облысында туылған, Талдықорған қаласы, Алдабергенов көшесіндегі № 82 үйде тұратын ұлы Юрьев Виктор Викторовичке, 1958 жылдың 18 ақпанында Алматы облысында туылған, Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы, Абай көшесіндегі № 15 үйде тұратын ұлы Юрьев Станислав Викторовичке тиесілі мұраның бөлігіне мұрагер болып табылатынын куәландырамын.
Осы куәлік берілген мұралық мүлік:
Бес тұрғын бөлмелі, ас үйі, дәлізі бар, жалпы пайдалы алаңы 85,7 шаршы метр, оның ішінде пайдалы тұрғын алаңы 50,9 шаршы метр, қосалқы құрылыстары – моншасы, жаздық ас үйі, гаражы, қоймасы бар, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Алдабергенов көшесінде орналасқан № 82 (сексен екінші) тұрғын үйден тұрады. Аталған тұрғын үй алаңы 0,010 га жеке меншік құқындағы тұрғын үйге қызмет көрсету үшін берілген жер телімінде орналасқан.
Жоғарыда аталған жылжымайтын мүлік мұра қалдырушының меншік құқығына:
а) тұрғын үй - 2006 жылдың 14 тамызында Талдықорған қаласының нотариусы Г.М. Иманбекова (мемлекеттік лицензиясы № 012456 2001 жылдың 12 қаңтарында берілген) № 5819 тізілімде тіркеп, куәландырған сатып алу-сату шарты негізінде;
б) тұрғын үй орналасқан жер телімі – Талдықорған қаласы әкімінің 2006 жылдың 13 ақпандағы жеке меншік құқығын беру туралы № 36-1313 қаулысы, Талдықорған қалалық жер қатынастары жөніндегі бөлімнің 2007 жылдың 13 ақпанында берген № 1179155 мемлекеттік акт негізінде тиесілі. Тұрғын үй мен жер теліміне деген құқықтар Алматы облысы Әділет департаментінде 2007 жылдың 05 наурызында тіркелген.
Тұрғын үй мен жер телімінің кадастрлық нөмірі 03:268:904:089.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 155-бабына сәйкес осы куәлік құзыретті мемлекеттік тіркеу органдарында «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Заңның 9-бабында белгіленген мерзімде міндетті тіркеуге жатады.
№ ________________ тізілімде тіркелді
Нотариусқа____________ теңге төленді
Нотариус _________________________
Достарыңызбен бөлісу: |