Алғы сөЗ Ұсынылып отырған «Нотариат» пәні бойынша оқу-әдістемелік құралы «Құқықтану»



бет44/61
Дата08.02.2022
өлшемі217,23 Kb.
#119695
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   61
Байланысты:
нотариат

КӨЛІК ҚҰРАЛЫН ЖАЛДАУ ШАРТЫ
Қазақстан Республикасы Алматы облысының Талдықорған қаласы
Екі мың сегізінші жылдың он сегізінші ақпаны

Біз, 1970 жылдың 15 тамызында Ресейдің Алтай өңірінде туылған жұбайы Терехова Нина Максимовнаның келісімімен әрекет етуші, Алматы облысында 1967 жылдың 23 маусымында Талдықорған облысында туылған, Талдықорған қаласы, «Самал» шағын ауданы, 35 үйдегі 2 пәтерде тұратын, бұдан әрі «Жалға беруші» деп аталатын, Иванов Иван Иванович, бір тараптан және 1975 жылдың 13 шілдесінде Ресейдің Красноярск өңірінде туылған жұбайы Мелехова Антонина Александровнаның келісімімен әрекет етуші, 1965 жылдың 05 мамырында Талдықорған облысында туылған, Талдықорған қаласы, «Самал» шағын ауданы, 18 үйдегі


26 пәтерде тұратын, бұдан әрі «Жалға алушы» деп аталатын Сидоров Сидор Сидорович, екінші тараптан, төмендегі мазмұнда шарт жасастық:
1. «Жалға беруші» өзінің жеке меншігіндегі «Жигули-Ваз» маркалы, 2005 жылы шығарылған, қозғалтқышының № 000001236, қорабының № 9990012, шассиінің № 000269, мемлекеттік тіркеу
№ В293АТМ, көлік құралын «Жалға алушының» иеленуі мен пайдалануына береді. Аталған көлік құралы «Жалға берушінің» меншік құқығына Алматы облысы Ішкі істер департаментінің жол полициясы 2007 жылдың 15 қазанында берген ВТ сериялы нөмірі 00012850 көлік құралын тіркеу туралы куәлік негізінде тиесілі.
2. Жоғарыда аталған көлік құралы «Жалға алушыға» жолаушыларды тасымалдау үшін беріледі. Жалға берілген көлік құралы техникалық тұрғыдан жолаушыларды тасымалдауға және пайдалануға жарамды, тасымал кезінде жолаушылар өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажет талаптарға сай жабдықталған.
3. Тараптардың келісуімен көлік құралын жалдағаны үшін «Жалға алушы» «Жалға берушіге» ай сайын 50 000 (елу мың) теңге ақы төлеуге міндетті. Аталған ақы біржолғы ақшалай төлем ретінде әр айдың 25 (жиырма бесінші) жұлдызынан кешіктірілмей төленуі тиіс.
4. «Жалға алушы»:
- жалға алынған көлік құралын ұқыптылықпен және көлік құралын қолдану ережелеріне сай пайдалануға;
- көлік құралының сақталуын қамтамасыз етуге, көлік құралын техникалық байқаудан өткізіп отыруға;
- өз қаражаты есебінен көлік құралына ағымдағы жөндеу жүргізуге;
- жалдаудың мерзімі аяқталған соң жалға алған көлік құралын, оның тозу дәрежесін ескере отырып, көлік құралын жалға алған кездегі жарамды жағдайда қайтаруға;
- жолаушылар тасымалы кезінде денсаулығына зақым келген жеке тұлғаларға немесе басқа заңды тұлғаларға келтірілген залалды өз есебінен төлеп отыруға міндеттенеді.
5. Көлік құралын ұқыпсыз немесе жол жүру ережелерін бұзудың нәтижесінде жалға алынған көлік құралына зақым келген жағдайда «Жалға алушы» жөндеу жұмыстарын өз есебінен атқаруға міндеттенді.
6. «Жалға алушыға» осы шарт бойынша жалға алынған көлік құралын үшінші тараптарға қосалқы жалға беруге тыйым салынады.
7. «Жалға берушінің» ауызша мәлімдеуіне сәйкес жалға беріліп отырған көлік құралы үшінші тараптарды құқықтарынан бос: ешкімге сатылмаған, сыйға тартылмаған, кепілге салынбаған, жалға берілмеген, даулы емес.
8. Осы шарт үш жыл мерзімге жасалды және жалға берілетін көлік құралын «Жалға алушы» нақтылы қабылдап алған уақыттан бастап күшіне енеді. Осы шарт тараптардың өзара келісуі арқылы кез келген уақытта тоқтатылуы мүмкін.
9. Шарт заңдылық күші бірдей үш дана етіп құрастырылды, оның біреуі – Талдықорған қаласының нотариусы З.А. Халелованың іс қағаздарында сақталады, ал қалған даналары шартқа қатысушыларға беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет