Нотариаттық iс жүргiзу Нотариаттық iс жүргiзу Қазақстан Республикасының архивтер мен құжаттаманы басқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органымен келiсу арқылы Республикалық нотариаттық палатаның қатысуымен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi бекiтетiн Нотариаттық iс жүргiзу жөнiндегi қағидаға сәйкес жүзеге асырылады.
Қағида талаптарының сақталуына бақылау жасауды аумақтық әдiлет органдары мен нотариат палаталары жүзеге асырады.
Мемлекеттік нотариустардың құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мiндеттi түрде мемлекеттік архивке тапсырылуға тиіс.
Жекеше нотариустардың құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен міндетті түрде жеке нотариаттық архивке тапсырылуға тиiс.