Нотариаттық палатаның жарғысы мен жеке нотариаттық архив Нотариаттық палатаның жарғысы
Нотариаттық палатаның жарғысында мыналар көзделуге тиiс:
1) атауы, қызметiнiң мақсаттары мен негiзгi түрлерi;
2) палатаның құқықтары мен мiндеттерi;
3) мүше болу мүшелiктi тоқтата тұру және одан айрылу шарттары мен тәртiбi;
3-1) мүшелердiң құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi;
4) басшы органдарды құру тәртiбi, олардың атқаратын қызметтерi мен өкiлеттiк мерзiмi;
5) мүлiктiң қалыптасу көздерi мен мүлiк пен табысты пайдалану тәртiбi;
6) жарғыға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi;
7) палатаны қайта құру мен тарату тәртiбi, таратылған жағдайдағы мүлiктiң тағдыры.
Нотариаттық палатаның жарғысында заңдарға қайшы келмейтiн өзге де ережелер болуы мүмкiн.
Жеке нотариаттық архив
Жеке нотариаттық архив аумақтық нотариаттық палатаның филиалы болып табылады.
Жеке нотариаттық архив ұлттық архивтық қор және архивтер туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес нотариаттық құжаттарды жинақтау, сақтау және пайдалану жөнiндегi функцияларды жүзеге асырады.