Алгазина Р. К. Биология пәнін оқытудағы әдіс-тәсілдер Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы №34орта мектебі



Дата05.02.2022
өлшемі43,02 Kb.
#19601


Алгазина Р.К.
Биология пәнін оқытудағы әдіс-тәсілдер
Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы №34орта мектебі

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев “Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр ”деп атап көрсетті.


Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалынып ,оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңестігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге ,мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.
Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуына үйретіп,олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі есептеледі.Ақпараттық білім беру ортасын жобалаудағы басты мақсат- оқушының өздігінен оқуға талаптандыру,яғни іздемпаздыққа үйрету болып саналады.Оқыту әдістерін жетілдіру тікелей білім беру жүйесінде тұтастай ақпарат технологиясын дамытуға үлес қосты.
Жалпы педагогика,әдістемелер және компьютердің түйісуінде жаңа бағыт- оқытудың ақпараттық технологиялары дүниеге келді.Оқу арқылы ақпараттың 10%,тыңдау,көрнекі құралдар арқылы 20% ұштастырылса,40-50% оқыту процесінде оқушы белсенділігін арттыратын мүмкіндіктер жасалса,білімнің 70% есте сақталады екен.Нағыз өмір шындығымен ұштастырылған ақпараттың бала ойында қалу дәрежесі 90%.Олай болса мәліметті есте сақтау қолданылатын әдіс-тәсілге байланысты.Сол әдіс-тәсілдің бірі- әр сабақтарда компьютерді және интерактивті тақтаны пайдалану.
Оқушылардың пәндер мен табиғат құбылыстары танымынан сабақ үлгеруі көп жағдайларда оқыту әдістемелеріне байланысты болады.Мұғалім әдісті анықтау кезінде тарауды жалпы қорытындылау сипаты мен оқушыларының жас ерекшеліктерін еске алуы қажет.Оқыту әдісін таңдап алу,оқу материалдарының мазмұны және мектеп оқушыларының танымдық әрекеттері- репродукциялы (еске түсіру,иллюстрациялы) немесе зерттеу сипаттарымен анықталады.Мектеп оқушысы репродукциялы танымдық әрекет кезінде мұғалімнен,кітаптан,оқу фильмінен дайын информация алатын болғандықтан оны онша көп қиналмай еске түсіреді.Оқытуды өздігінен іздену жауабына мәжбүр етілетін зерттеу принципін пайдаланған кезде мектеп оқушыларының танымдық процесі мүлде басқаша өтеді.Оқушының танымдық әрекетін зерттеу сипаты өздігінен жұмыс істеу кезінде өте айқын байқалады.
Биология пәнінің мазмұны мен құрылымын және сабақ өткізуге тиісті материалдарды сараптау алуын тағайындаудан басқа ең басты маңызды мәселелердің бірі оның әдістерін де орынды қолдана білу болып табылады.Пәннен сабақ өткізу әдісін дұрыс таңдай,қолданбаған жағдайда әрбір ұстаз алдына қойған мақсатына жете алмайды.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай оқу материалдарының мазмұнын сәйкестендіре отырып,оқыту әдісін дұрыс таңдағанда ғана сапалы білім беруді қамтамасыз етуге болады.
Оқыту әдісі дегеніміз- оқушы мен оқытушының алдына қойған мақсатына жету үшін екі жақты іс-әрекеттері деп айтуға болады.Сондықтанда осындай іс-әрекетті дидактикалық принцип тұрғысынан қарайтын болсақ,білім беру мен тәрбиелеуді дамыту деп те айтуға болады.
Сонымен оқыту әдісі дегеніміз- ұстаздардың білім беру әдістері деп қарасақ,екінші жағынан оқушының білімді игеру,қабылдау қабілеттілігі немесе әдісі.
Оқыту әдістерінің құрылымы сабақ өткізу тәсілдерінен тұрады.Тәсіл дегеніміз- оқыту әдісінің бір ғана элементі,оның жеке бір бөлігі.Биологиядан сабақ беру практикасында оның көптеген әдістері бар екендігін байқауға болады.Оларды кейбір белгілеріне қарай отырып,былай топтастыруға болады.Дәстүрлі сабақ беру әдістері,ол сол ертедегі философтар мен педагогтардың сабақ беру жүйелері болып есептеледі.Бұл әдістегі ең басты мақсат- оқушыларға білім берудің қайнар көзіне,білімді қалай,қайдан алу әдістері бойынша қолданады.Бұл әдіс бойынша білімнің қайнар көзі 3 деп көрсетеді: практика,көрнекілік,сөз.Соңғы кездерде тағы бір әдістер қосылды,ол – оқулық және әр түрлі техникалық жүйелер.
Сондықтан бұл топтан 5 әдісті бөліп қарауға болады:
1.практикалық
2.көрнектілік
3.сөйлеу
4.оқулықпен жұмыс жүргізу
5.техникалық құрал-жабдықтарды пайдалану.
Осы әдістердің өзіне тән қолдану ерекшеліктері бар.Атқарылатын міндетіне қарай топастыру әдістері.
Сабақты өткізу процесінің жүйелілік кезеңіне байланысты топтастыру.Ол мынадай әдістерден тұрады.
А) білімді игеру
Ә) шеберлігі мен дағдылығын қалыатастыру
Б) білімді іс жүзінде қолдану
В) шығармашылық қызмет
Г) алған білімді бекіту баяндау
Д) білімін,шеберлігін,іскерлігін тексеру.
Осы айтылған әдістердің басты ерекшеліктерінің бірі оқу процесін ұйымдастырудың классиалық схемаларына сәйкестелінген.Ұстаздарға оқу тәрбие жұмысын іске асыруға үлкен көмегін тигізетіні айқын.
3.Танымдық іс-әрекетіне сәйкес топтастыру.
Бұл әдістердің көмегімен оқытушының көрсеткен тапсырмасы бойынша оқушы өзінің білім деңгейін өз бетінше игеру.Бұл әрине әр оқушының ойлау қабілеттілігін арттырады.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер – қолдану әрбір мұғалімнің көздеген мақсатына жету үшін оңтайлы тәсіл болып табылады. Жаңа тәсілдерді қолдана отырып, білім мен тәрбие сапасын көтеруге әбден болады.
Мұғалімдердің оқыту мен оқудың табыстылығы туралы заманауи түсініктерге сай бай білімді игеруіне тікелей байланысты.
Биология оқытушысына жұмысты жоспарлаудың өте бір қажеттілігі мынадай жағдайға байланысты: биология оқытушысы материалды күн ілгері әзірлеу керек, белгілі бір мерзімде көрсетілетін тәжірибелерді алдын ала жасау, экскурсия туралы күні бұрын келісу және т.б. қажет.
Тұрақты даму мүддесінде білім берудің негізгі мақсаты пән,тарау,тақырып бойынша белсенді әдістерді қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып,танымдық,шығармашылық жағынан дамуына ықпалын тигізеді.
Әдебиеттер:
1.Бұзаубақова Қ. «Жаңа педагогикалық технология». Алматы 2004.
2.Айтманбетова Р. «Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері». Алматы,1991.
3.«Биология және сауаттылық негізі» ғылыми- педагогикалық журнал,№3,2009.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет