Алгорит типтерi: сызықтық, тармақталу, циклдiк. Көмекшi алгоритм түсiнiгi.. Үй тапсырмасын тексеру



Дата12.09.2020
өлшемі89,03 Kb.
#78218
түріПрограмма
Байланысты:
Алгорит типтерi


Алгорит типтерi: сызықтық, тармақталу, циклдiк. Көмекшi алгоритм түсiнiгi.

.

Үй тапсырмасын тексеру.

1) Алгоритм дегеніміз не? Алгоритм сөзі қайдан шыққан?

2) Программа дегеніміз не?

3) Атқарушы дегеніміз не? Мысал келтір.

4) Алгоритм командасы дегеніміз не?

5) Атқарушы – адам мен атқарушы – машина айырмашылығы қандай?

6) Атқарушы командалар жүйесі дегеніміз не?



Алгоритм құрылымына қарай оны келесі типтерге бөлуге болады:


  1. Сызықтық алгоритмдер. Сызықтық алгоритм қарапайым командалар тізбегінен тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм – сызықтық алгоритм деп аталады.





  1. Тармақталу алгоритмі. Күнделікті өмірде алгоритмдер негізінен тармақтарға бөлінеді. Бұл тармақтардың орындалуы шарттың орындалуына байланысты болады. Тармақталу алгоритмінде біріншіден, арифметикалық теңсіздік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер шарт орындалса, алгоритм бір тармақ бойынша (1-ші серия) , ал егер орындалмаса, екінші тармақ бойынша (2-ші серия) орындалады.






  1. Циклдік алгоритмдер. Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер бірнеше рет орындалады. Математикада, есеп шығару барысында айнымалы мәні өзгеруіне байланысты бір теңдеудің көмегімен бірнеше рет есептеледі. Алгоритмнің белгілі бір бөлігі бірнеше қайталанатын болса, ондай процессті цикл деп атайды. Қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер циклдік алгоритм деп аталады. Циклдік алгоритмдер қолдану арқылы программаны қысқа да нұсқа жазуға болады. Қайталану бөлігіне қайталану (циклдік) командалары қолданады. Қайталану саны белгілі немесе белгісіздігіне байланысты циклдар екі түрге бөлінеді. Қайталану саны белгілі болса, ондай цикл арифметикалық, ал егер белгісіз болса, итерациялық деп аталады.

Тапсырмалар мен сұрақтар:

1. Алгоритмнің типтері?

2. Сызықтық алгоритм дегеніміз не? Мысал келтір.

3. Тармақталу алгоритмі дегеніміз не? Мысал келтір.

4. Циклдік алгоритм дегеніміз не? Мысал еклтір.


Тапсырма №1.

Бес сан берілген: a, b, c, d, f. Осы сандардың қосындысын, көбейтіндісін және орташа мәнін есептейтін алгоритм блок-схемасын құр. Сызықтық алгоритм.


Тапсырма №2.

Бағдаршам алгоритміне блок-схема құр. Тармақталу алгоритмін пайдаланыңдар.


Тапсырма №3.

Бес сан берілген: a = 2, b = -6, c = -49, d = 94, f = 0.



Осы сандарды енгізу және шығару алгоритмін құр. Циклдік алгоритмін пайдаланыңдар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет