Құжат денесінің тегі. Құжат денесінің тегі интерфейстік қолданушы программасында ақпаратты көрсетуді басқарады. Олар мәтінде тізілген контекстік гипермәтіндік сілтеме көмегімен деректер базасының гипермәтіндік құрылымын бейнелейді. Құжат денесі тұрады:
мәтіндер, стильдерді жүргізу облыстарына бөлінген(сызылған, белгіленген, курсивті);
математикалық бейнелеу, графиктер және гипермәтіндік сілтеме;
BODY Құжат денесінің тегін бейнелеу BODY тегі арқылы бастап жазылады. HEAD тегінен айырмашылығы, BODY тегі атрибут қабылдайды:
ID-тег идентификаторы. Тегті атау үшін, сол сияқты гипермәтіндік сілтеме бойынша нүктелік ауысу түрінде қолданылады. Берілген атрибут құжат бетінің барлық тегінде бар.
LANG-екісандық ISO-639 код түрінде құжат тілін анықтайды, нүктеден кейін міндетті емес ISO-3166 форматында қала коды алынады. Тіл стандартын құраушылардың ниеті бойынша берілген атрибут түсіндіру программасын тану және көптілді мәтінді бейнелеуді басқару керек. Сонымен қатар Arena да, арнайы HTML 3.0 иллюстрациялау үшін арналған, ол осы мүмкіндікті іске асырмайды.
CLASS-“ADDITION.FIRST” типті иерархиялық құрылған ат. Мәтін тегін, анықталған бейнелеу стилімен байланыстыруға арналған. Қазіргі кезде қолданылмайды.
Жоғарыда көрсетілген үш атрибут дене тегіне жалпы болып табылады және алдағы уақытта оларды қарастырмаймыз. Егер атрибут құжат мәтіннің дене тегінде кеңейтілмесе, онда ол арнайы көрсетіледі.
BACKGROUND-құжат мәтінін бейнелейтін фонды анықтайды, мысалы, HTML-құжатында фон ретінде үлкен емес графикалық кескін ”bgr.gif” қолданылады.
< BODY BACKGROUND =”bgr.gif”>
Осы мысалда көрсетілгендей, берілген атрибуттың мәні ретінде URL формасында қысқартылған адрес қолданылады. Бұл локальдық файл адресі.