Жиындарға қолданылатын операциялар
copy() әдісінің көмегімен бір жиынның мазмұнын екіншісіне көшіруге болады:
users = {"Tom","Bob","Alice"}
users3 = users.copy()
|
union() әдісі екі жиынды біріктіріп, жаңа жиын қайтарады:
users = {"Tom","Bob","Alice"}
users2 = {"Sam","Kate", "Bob"}
users3 = users.union(users2)
print(users3) # {"Bob", "Alice", "Sam", "Kate", "Tom"}
|
Жиындардың қиылысуы екі жиында да бар элементтерді алуға мүмкіндік береді. intersection() әдісі жиындар қиылысуы операциясын орындап, нәтижесінде жаңа жиын қайтарады.
users = {"Tom","Bob","Alice"}
users2 = {"Sam","Kate", "Bob"}
users3 = users.intersection(users2)
print(users3) # {"Bob"}
|
intersection әдісінің орнына логикалық көбейту операциясын да қолдануға болар еді.
users = {"Tom","Bob","Alice"}
users2 = {"Sam","Kate", "Bob"}
print(users & users2) # {"Bob"}
|
Тағы бір операция жиындар айырымы - бірінші жиында бар, бірақ екінші жиында жоқ элементтерді қайтарады. Жиындар айырымын алу үшін difference әдісін немесе азайту операциясын орындауға болады:
users = {"Tom","Bob","Alice"}
users2 = {"Sam","Kate", "Bob"}
users3 = users.difference(users2)
print(users3) # {"Tom", "Alice"}
print(users - users2) # {"Tom", "Alice"}
|
Файлдармен жұмыс: файлды ашу және жабу
Python көптеген файлдық типтерді қолдайды, бірақ оларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады: мәтіндік және бинарлы.
Мәтіндік файлдарға cvs, txt, html кеңейтілімі бар файлдар, яғни ақпаратты мәтіндік түрде сақтайтын файлдар жатады.
Бинарлы файлдар - бұл кескіндер, аудио және бейнефайлдар. Файл типіне қарай олармен жұмыс ерекшеленуі мүмкін.
Файлдармен жұмыс кезінде операциялардың белгілі бір ретін сақтау керек:
Файлдарды open() әдісінің көмегімен ашу
Файлды read() әдісінің көмегімен оқу және файлға write() әдісінің көмегімен жазу
Файлды close() әдісінің көмегімен жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |