Байланысты: Алгоритмнің қолданбалы теориясы пәнінен емтихан сұрақтары 25 сұр-emirsaba.org
Тұжырымдеп ақиқатығы немесе жалғандығы туралы айтуға болатын байланысты баяндамалы сөйлемді айтамыз.
Мысал 1. «2*2=4» (екі көбейту екі тең төрт).
Мысал 2. «Егер натурал сан 6ға бөлінсе, онда ол 3ке бөлінеді».
Мысал 3. Тауық қүс емес.
Мысал 4. 3≥5.
1 және 2 тұжырымдар – ақиқат, ал 3, 4 –жалған. Бір ғана тұжырым болатын айтылымды жай немесе қарапайым деп атайды. Қарапайым тұжырымға мысал болып 1 тұжырымды айтуға болады.
Граматикалық байланыстар көмегімен («және», «немесе», «егер…, онда…», «сонда тек сонда ғана») құрылған тұжырымдарды күрделі деп атайды. Осылайша 2 тұжырым мынадай қарапайым тұжырымдардан тұрады: «натурал сан 6 бөлінеді», «натурал сан 3 бөлінеді». 4 тұжырым «немесе» сөзімен қосылған «3 үлкен 5» және «3 тең 5» тұжырымдар.
Әрі қарай бізді тұжырымдардың мағыналы жағы қызықтырмастан, олар қандай ақиқаттық («ақиқат» немесе «жалған») мәнге ие болатындығы қызықтырады. Тұжырымдар алгебрасында бірдей ақиқаттық мәні бар барлық тұжырымдар алмасымды, яғни бізде ақиқат тұжырым және жалған тұжырым секілді екі тұжырым класы бар.
Қарапайым тұжырымдары латын алфавиттің a,b,c,…,x,y,z,… әріптерімен, ақиқат мәнді А әріппен немесе 1 цифрмен, жалған мәнді Ж әріппен немесе 0 цифрмен белгілейміз.
Егер а ақиқат болса, онда а=1, ал егер жалған болса, а=0 деп жазамыз.
Конъюнкция (лат. conjunctіo – одақ, байланыс) логикалық байланымдар, екі пікірдің бірігуінен логикалық “және” жалғауы арқылы пікір құратын логикалық операция (символдық жазылуы: ALB). Осылай құрылған күрделі пікір оған енетін барлық пікірлер ақиқат болғанда және тек сол жағдайда ақиқат, ал қалған жағдайлардың бәрінде жалған болады.[1] Белгіленуі алгебрадағы көбейту секілді логикалық көбейту белгісі жазылмауы мүмкін: {\displaystyle ~ab\,}Бинарлық конъюнкциясының ақиқаттық таблицасы