Ұйымдастырыл
ған оқу қызметтері
|
9.20 -10.30
|
1.Дене шынықтыру
Пән мұғалімінің өз жоспары боиынша
2.Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Дұрыс тамақтана білейік»
Мақсаты:
Білімділік: балаларға СӨС туралы түсінік беру. Дұрыс тамақтана білу ержелерімен таныстыру. Сөздік қорларын молату. Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Тазалық сақтай білуге тәрбиелеу.
|
2.Дене шынықтыру
Пән мұғалімінің өз жоспары боиынша
2.Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы:«Шаршы. Үлкен-кіші»
Мақсаты:
Білімділік: жаңа геометриялық пішінмен – шаршымен таныстыру. Балаларды геометриялық пішіндерді тануға және атауға үйрету;шаршының түрлі көлемде (үлкен – кішкентай) болатынын түсіну; жұмбақтар шешуді үйрену; шаршыны көру-қозғау жолымен зерттеу білігін дамыту; шаршыны берілген нүктелері бойынша бастырып жүргізу;
Дамытушылық: топ бөлмесі мен қоршаған ортадан шаршыға ұқсас заттарды көзбен табу білігін дамыту; саусақтың ұсақ моторикасын дамыту; жаңа геометриялық
пішіндерді салуға қызығушылықтарын ояту.
|
1.Көркем әдебиет
Тақырыбы:
Н. Әлімқұловтың «Апорт алма» өлеңі
Мақсаты:
Білімділік: Дауыс ырғағының мәнерлі қарапайым тәсілдерін қолдану. Дұрыс тамақтану, дәрумендер туралы түсініктерін кеңейту, жалпы белгілері бойынша заттарды топтастыруға (жемістер мен азық – түліктер), байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Дамытушылық:Тілдерін дамыту.
Тәрбиелік:Табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.
2.Музыка
Пән мұғалімінің өз жоспары боиынша
3. Сурет салу
Тақырыбы: «Жемістер. Алма. Алмұрт»
Мақсаты:
Білімділік:балаларға жемістер туралы түсінік беру. Алма, алмұрттың суретін сала білуге үйрету.
Дамытушылық: Саусақ бұлшықеттерін дамыту. Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
|
1.Дене шынықтыру
Пән мұғалімінің өз жоспары боиынша
2. Жаратылыстану
Тақырыбы: «Жемістер. Алма»
Мақсаты: балаларды жемістердің түрлерімен таныстырып,оларды бір-бірінен түсі, пішіні, дәмі арқылы ажыратып білуге үйрету.Ойлау қабілеті мен тілдерін дамыту.Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
|
1.Құрастыру
Тақырыбы: «Қияр. Қызанақ»
Мақсаты:
Білімділік:
Әр түстегі және пішіндегі бөлшектерден қағазды бүктеу, домалақтау тәсілдерін қолдана отырып үлгі бойынша түрлі көкөністерді құрастыру. Балалардың шығармашылығын дамыта отырып, бастаған жұмыстарын ұқыпты аяқтай білуге тәрбиелеу.
Дидактикалық ойын:
«Бауда ма, бақта ма?»
2.Мүсіндеу
Тақырыбы: «Мандариндер мен апельсиндер»
Мақсаты: апельсин мен мандариннің айырмашылығын ажырата білуге үйрету; үлкен және кішкентай домалақ заттарды жасауды дамыту. Эстетикалық талғамды сақтап, жұмысты ұқыпты жасауға тәрбиелеу.
|