Ұйымдастырыл
ған оқу қызметтері
|
|
|
1.Дене шынықтыру
Пән мұғалімінің өз жоспары боиынша
2.Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: «Біреу, көп, бір-бірден, бірде- біреуі жоқ»
Мақсаты: таңертең (таң) – тәулік бөлігімен таныстыру.
|
заттың санымен (бір-көп) таныстыруды жалғастыру. Таңертең (таң) – тәулік бөлігін тану және атау,осы ұғымды сөйлеу барысында қолдану; жұмбақтарды шешуді үйрету;
Дамытушылық: заттарды айналасындағы бірдей бір және көп затты таба білу дағдысын дамыту. Тәрбиелік: Шыдамдылыққа және қызығушылыққа тәрбиелеу.
|
1. Көркем әдебиет
Тақырыбы:
Е. Ашықбаевтың «Балабақша» өлеңі
Мақсаты:
Білімділік: Балабақша туралы түсініктерін кеңейту, өлеңнін мазмұнын түсінуге, тыңдауға бейнелі сөздерді есте сақтауға, үйрету.
Дамытушылық: тілдерін, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: достыққа, балабақшасын құрметтей білуге тәрбиелеу.
2.Музыка
Пән мұғалімінің өз жоспары боиынша
3. Сурет салу
Тақырыбы: «Сиқырлы таяқшалар»
Мақсаты:
Білімділік: балаларды қағаз түрлерімен және түрлі түсті қарындаштермен таныстыруды жалғастыру. Сурет салуға қызығушылықтарын арттыру. Дөңгелек, таяқшаларды салуға үйрету.
Дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылық пен тазалыққа тәрбиелеу.
|
1.Дене шынықтыру
Пән мұғалімінің өз жоспары боиынша
2.Жаратылыстану
Тақырыбы: Менің балабақшам (балабақшада саяхат жасау)
Мақсаты:
Білімділік: Балабақшада қызмет істейтін апайларға құрмет көрсету дағдыларын қалыптастыру. Балабақша өмірімен таныстыру.
Дамытушылық: Балалардың өз балабақшасына деген сезімдерін дамыту. Тәрбиелік: Ауладағы гүлдер мен ағаштарды күтіп баптауға тәрбиелеу.
|
1.Құрастыру
Тақырыбы: «Жаяу жүргіншілерге, мәшинелерге арналған кең және тар жолдар»
Мақсаты:
Білімділік:
балаларды жаяу адамдарға арналған тар және кең жолдарды құрылыс материалдарынан құрастыра білуге үйрету;
құрылыс материалдарының түсін, пішінін, көлемін ажырата алуға дағдыландыру;
Дамытушылық: саусақ бұлшықеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
|