Бақылау: Құмдағы іздерді бақылау. Мақсаты: Учаскелердегі құмдағы іздердің кімнің ізі екенін айыра білуге үйрету. Өз іздерін бір-бірімен салыстыру.
Еңбек: Құм салғыштағы құмды күрекшелерімен көтеру.
Мақсаты: еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Жұмбақ:
Жиып-теріп болатын,
Қамбаға астық толатын,
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Күз)
Жеке жұмыс: «Күз» тақпағын қайталап айту
Қимылды ойын. К-№5 «Жапалақтар»
Балалардың өз еріктерімен жасайтын іс-әрекеттері.
К-№8
Бақылау :Күзгі ауа-райындағы өзгерістерді бақылау. Мақсаты:Балаларға күз мезгілі туралы әңгімелеу. Күзгі ауа-райын жазғы ауа-райымен салыстыру, күздегі өзгерістерді айтқызу.
Еңбек: Құм салғыштың айналасындағы құмдарды жинату.