Ұйымдастырыл
ған оқу қызметтері
|
9.20 -10.30
|
1. Дене шынықтыру
Пән мұғалімінің өз жоспары боиынша
2.Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Шай қайнатуды үйренеміз» (дид.ойын)
Мақсаты: тағам мен шай ішуге арналған ыдыстармен таныстыру, түрлерін атай білуге үйрету, ойын жағдаяттарын көрсету арқылы шай дайындауды түсіндіру. Есте сақтау қабілеттерін дамыту және сөздік қорларын молайту. Балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
.
|
1. Дене шынықтыру
Пән мұғалімінің өз жоспары боиынша
2.Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: «Жоғары-төмен. Шаршы»
Мақсаты:
заттардың кеңістікте орналасуын (жоғары – төмен) айыра білуге және атауға үйрету. Заттардың өзінің айналасындағы кеңістікте орналасуы туралы ұғымын қалыптастыру (жоғары – төмен); заттардың өзінің айналасындағы кеңістіктегі бағытын ажырату білігін дамытуды жалғастыру: алыс – жақын; шаршыға – геометриялық пішіндеріне сәйкес келетін заттарды қоршаған ортадан таба білу білігі; жұмбақ шешуді жалғастыру; логикалық ойлауын дамыту; бірлескен әрекеттерге,
ҰОҚ-не қызығушылығын тәрбиелеу.
|
1. Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Түлкі мен тырна» ертегісі
Мақсаты: балаларға ыдыстар жайлы түсінік беру, «Түлкі мен тырна» ертегісінің кейіпкерлерінің әрекеттерін, жүріс-тұрысын талдауға, оларға қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету. Тілдерін дамыту. Достыққа тәрбиелеу.
2.Музыка
Пән мұғалімінің өз жоспары боиынша
3. Сурет салу
Тақырыбы: «Кесені әшекейлеу»
Мақсаты: балаларды кесеге өрнек сала білуге үйрету, бояу реңктерін таңдауға және үлгіге қарай отырып оны сақтауға дағдыландыру. Есте сақтау қабілетін дамыту. Эстетикалық тәрбие беру.
|
1.Дене шынықтыру
Пән мұғалімінің өз жоспары боиынша
2. Жаратылыстану
Тақырыбы: «Ыдыстар неден жасалады?»
Мақсаты: балаларға ыдыстар туралы түсінік беру. Ыдыстардың неден жасалатыны жайлы айту. Таным белсенділіктерін дамыту. Ыдыстарға ұқыппен қарауға тәрбиелеу.
|
1. Аппликация
Тақырыбы: «Тәрелкедегі қияр мен қызанақ»
Мақсаты:
дайын пішіндерден заттардың бейнесін жасауға үйрету. Көкөністер туралы жалпы білім беру; бейнеленген заттарға сәйкес түстерді таңдауға үйрету. Аппликация дағдыларын қалыптастыру.
Кеңістікті бағдарлай білуге тәрбиелеу.
2.Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: «Қонаққа дастархан жаямыз»
Мақсаты:
қоршаған ортадағы заттар туралы білімдерін дамыту, олардың қасиеттерімен таныстыру.Ыдыс-аяқ және оның қасиеттері, пайдалану әдісі туралы білімдерін жинақтау. Заттардың сапалары мен қасиеттерін:сипап сезу, қарастыру арқылы тануды қалыптастыру.
Ыдыстарға ұқыпты қарау дағдыларын тәрбиелеу.
|