Алиаскаров думан тоқтарұлы қазақстан моноқалаларының инновациялық даму үрдістерін географияда оқытудың әдістемелік негіздері



Pdf көрінісі
бет20/62
Дата13.12.2022
өлшемі6,67 Mb.
#162633
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   62
Байланысты:
Aliaskarov D.T
1574347730325 (1)
аумақтық-өндірістік кешен 
ретінде сипаттауға болады. 
Түсті металлургияның ірі орталығы – Жезқазған қаласы Қазақстанның 
орталық бөлігіндегі Қазақтың ұсақ шоқылы, аласа таулы аймағы – 
Сарыарқаның оңтүстік батысында, Сарысу өзенінің ірі саласының бірі – 
Қаракеңгірдің төменгі ағысында орналасқан. Жезқазған қаласының табиғатына 
шөлейт аймақ табиғи ландшафтыларының ерекшеліктері тән. Теңіз деңгейінен 
300-400 м биікте орналасқан аумақтың жер бедері жазықты-ойпатты, жазықты-
далалы, жазықты-шоқылы болып келеді 

31, б.4-5

.
 
Қаланың іргетасы XX ғ-дың 

жартысынан басталған индустрияландыру 
дәуірінде (1954 ж.) негізі қаланды. 
Қала атауының шығу тегінің өзі өндіріспен тікелей байланысты. Бұл 
аумақтан орта ғасырларға дейінгі мыс, қалайы, темір, алтын, күміс 
қорытпалары және олардың өңделген қалдықтары бар ежелгі кеніштер 
табылған. Дүние жүзіндегі аса ірі мыс кенін игеру қала атауының 
қалыптасуына негіз болды. Қаланың атауы «жез» және «қазған» сөздерінен 
жасалған. Мыс өндірісіне байланысты қойылған, қазақтар мысты «жез» деп те 
атайды 

75, б.38


 
Жезқазған қаласы атырабының солтүстік-батыс және шығыс жағын ала, 
бір-бірінен 12-50 км қашықтықта мыс кен орындары орналасқан. Өнеркәсіптік 
маңызына және геологиялық құрылымына қарай бұл кен орындары 
Жыланды 
(Талдыбұлақ, Көпқұдық, Қарашошақ, Қыпшақбай, Айранбай, Сарыоба, 
Күлмен, Доңызауыз, Итауыз) және 
Жартас тобы
(Бектас, Сорқұдық) болып 
екіге бөлінеді. Бұлардың бәрі Жезқазған свитасының астыңғы қабатындағы сұр 
құмтастарда шоғырланған. Соңғы кездері мұны Жыланды горизонты деп 
атайды. Негізгі металы – мыс пен қорғасын, оларға қосымша күміс, кобальт, 
молибден т.б. кездеседі. Осы аталған металл кенін өндіру және өңдеу саласы 
бойынша қала құраушы кәсіпорындар жұмыс жасайды. Олардың негізгілері: 
«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС құрамындағы кәсіпорындар және 
«Жезқазғансирекмет» РМК. 
 
«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС құрамындағы мыс өнеркәсібінің ірі 
кәсіпорны – Жезқазған мыс балқыту зауытында жылына орта есеппен 250 мың 
тонна таза мыс өндіріледі. Негізгі өнімі – тазалығы 99,99% бағаланған катод 
мысы халықаралық рынокта жоғары сұранысқа ие. Ол Голландия, Швеция, 


37 
Түркия, Жапония, Қытай және ТМД елдеріне экспортталады. Негізгі өнімнен 
басқа зауытта қорғасын тозаңы, алтын, күміс шығарылады 

76, б.257


 
Ал, «Жезқазғансирекмет» РМК ТМД елдеріндегі рений және осмий құнды 
металдарын өндіретін бірден-бір кәсіпорын. Аталған түсті металдар өндірісі - 
Жезқазғанның ірі түсті металлургиялық орталыққа айналуына бастама болды.
 
Жезқазған қаласының Қазақстанның орталық бөлігінде орналасуын 
кеңістіктік артықшылығының «күшті» тұстары ретінде сипаттауға болады. 
Солтүстік пен оңтүстікті және батысты автомобиль жолдары және темір жолы 
арқылы байланыстыру, облыстар арасында жүк және жолдаушылар 
тасымалдарын жүзеге асыру қаланың ірі көлік-логистикалық орталығына 
айналуға бастама болады. 2015-жылы пайдалануға берілген «Жезқазған-
Сексеуіл-Бейнеу» темір жол бағыты Қарағанды, Қызылорда және Маңғыстау 
облыстарын өзара байланыстырды. Алдағы уақытта транспорттық қызметті 
дамытуда 
«Қызылорда-Жезқазған», «Жезқазған-Арқалық»
автомобиль 
жолдарының құрылысы жүзеге асса, қала ірі көлік-логистикалық орталығы 
ретінде қалыптасады. Аталған жағдай қала экономикасының әртараптануына, 
постиндустриялық тұрақты дамуына негіз болады. Осы жағдай бойынша шет 
елдер тәжірибесінен Аустралияның Теннант-Крик шағын қаласын үлгі ретінде 
қарастыруға болады. Теннант Крик - Аустралияның Солтүстік жерлер 
аумағының орталық бөлігінде орналасқан шағын қала. 1930-жылдардағы 
Аустралияның алтын өндірісіндегі орталықтардың бірі. Бұл жердегі табиғи 
қордың сарқылуы инвестициялық компаниялардың кетуіне негіз болды. 
Қаланың дағдарыстық жағдайына алаңдаған билік экономиканы оңалтуға 
негізделген іс-шаралар кешенін қабылдайды. Ол бойынша қаланың 
географиялық орналасуын, табиғат жағдайын және ифрақұрылымын тиімді 
пайдаланған. Өңірге жаңа автомобиль және темір жолдар салу арқылы көлік 
қызметі дамыды, бұл аумақтық логистикалық орталыққа айналуға бастама 
болды. Сонымен қатар, табиғат жағдайын тиімді пайдалану арқылы туризм 
саласы дамыды. Аз уақыт ішінде депрессиялық жағдайдағы шағын қала 
туристік-логистикалық орталыққа айналды. Бұл саясат жергілікті биліктің қала 
экономикасын әртараптандырудағы сәтті қадамы ретінде бағаланды 

77, б.257


 
Қаланың заманауи жағдайында кен өндіру және өңдеу өнеркәсібінің 
жұмыс жасауы, жаңа кен орындарының іздестірілуі, осы мақсаттағы 
инвестициялар, экономикалық белсенді халықтың және адами ресурстардың 
болуы, соңғы жылдардағы халық санының өсімі экономиканы алға 
жылжытушы және индустриялық-инновацияға негізделген қоғам құрудың 
басты факторы ретінде қарастыруға болады. 
Қала құраушы кәсіпорындарды технологиялық қамтамасыз ету, экономика 
секторын және жаңа қызметтерді дамыту, соның ішінде, ғылымды қажетсінетін 
өндірісті және әлемдік экономиканың үшінші секторы - үйлесімді қызмет 
көрсетудің рөлін күшейту, экономиканы әртараптандыру – бұл қала дамуының 
мүмкіндіктерін айқындайды. Сонымен қатар, іргелес аумақтардағы (Ұлытау 
ауданы) тарихи-мәдени ескерткіштерді, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану 
туризм дамуына мол мүмкіндік береді. 
 


38 
Жезқазғанның кеңістіктік дамуының әлсіз тұстарының бірі - ірі өткізу 
нарықтарынан, Қарағанды агломерациялық ықпал ету аймағынан қашық жатуы 
(550 шақырым) тән. Көлік алыстығы және автомобиль жолдарының нашар 
жағдайы 
қалалардың 
дамуын 
қиындатады. 
Қазіргі 
таңдағы 
қала 
экономикасының қала құраушы кәсіпорындар қызметіне тәуелділігі, 
экономиканы әртараптандырудың төмен деңгейі, қала инфрақұрылымының 
тозуы, тұрмыстық қалдықтардың уақытында тазартылмауы, қоршаған орта 
жағдайының шиеленісуі қала дамуын тежеуші факторлар ретінде сипатталады.
Әлемдік нарықтағы жағдайдың күрт құбылуы жаңа қауіп-қатерлердің 
туындауына негіз болады. Шикізатқа немесе қала құраушы кәсіпорын 
қызметіне тәуелді Жезқазған секілді қалалар үшін бұл жағдай өте ауыр соққы 
болады. Теріс өзгерістердің негізгі себептерінің бірі – бұл қаржылық-
экономикалық дағдарыс салдарынан «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, 
«Жезқазғансирекмет» РМК сияқты экспортқа бағытталған кәсіпорындардың 
өнімдеріне деген сұраныстың азаюына байланысты әлемдік бағалардың 
төмендеуі болып табылады. Нәтижесі қала құраушы кәсіпорындар жұмысының 
тоқтауына, жаппай жұмыссыздар санының артуына негіз болады. Қаладағы 
жасыл желектің сиректігі, өнеркәсіп пен қала тұрғындарын ауыз сумен 
қамтамасыз ететін Кеңгір бөгені деңгейінің жыл санап төмендеуі – жаңа 
қатерлер кешенін қалыптастырады. Қаланың заманауи жағдайын талдау 
негізінде жүргізілген ғылыми-зерттеу нәтижелерін төмендегі 9-суреттегідей 
етіп түйіндеуге болады.
Сурет 9 – SWOT-талдау: Қаланың заманауи жағдайы 
Минералдық 
ресурстарды 
игерумен 
байланысты 
қалыптасқан 
моноқалалардың да басты проблемасының бірі – экологиялық жағдайдың 
ушығуы. Қазақстан Республикасы дамуының мемлекеттік бағдарламаларында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет