Алиаскаров думан тоқтарұлы қазақстан моноқалаларының инновациялық даму үрдістерін географияда оқытудың әдістемелік негіздері



Pdf көрінісі
бет16/62
Дата13.12.2022
өлшемі6,67 Mb.
#162633
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   62
Байланысты:
Aliaskarov D.T

«инновациялық қала»
ұғымы 
қалыптасты. Бұл ұғымды айналымға енгізген Питер Холл: «бұл - инновациялар 
есебінен 
әлеуметтік 
және 
экономикалық 
өзгерген, 
көптеген 


24 
жаңашылдықтардың интеграциясы нәтижесінде туындаған, жаңа әлеуметтік 
пішіндегі қала. Бұл қалалардың дамуы ғылым мен техниканың роліне тәуелді, 
оның ішінде тәуелсіз инновациялардың үстем болуы мен инновациялық 
мәдениеттің басымдығына, яғни технология, білім, адамдардың зияткерлігі, 
мәдениетінің жүйелі байланыста дамуына негізделген қала» - деп өз ойын 
түйіндейді 

58, p.22-23

.
Питер Холл пікірін Қытайдың урбанист ғалымы Ш. Фанг те қуаттай 
түскендей. Ол қалалардың инновациялық қалыптасуын және дамуын 4 кезеңге 
тұжырымдайды: 1) 
бастапқы кезең, 
бұл кезеңде қала дамуының қозғаушы күші 
табиғи ресурстарға тәуелді болады; 2) 
орта кезең
, мұнда қала дамуы капитал 
қызметіне тәуелді болады; 3) 
кейінгі кезең
, қала дамуында инновациялар 
жетекші мәнге ие болады. 4) 
соңғы кезең
, адам интеллектісі мен ақыл-ой 
қабілеті үстемдік құрады (1-сурет) [59, p.1096-1098].
Сурет 1 - Инновациялық қала дамуының стратегиялық кезеңдері 
Фанг еңбектеріндегі урбандалудың аталған 4 кезеңін сатылай немесе 
стратегиялық даму жетістігі ретінде бағалауға болады. Яғни, келесі сатыға 
қадам басқан сайын қоғам дамуының қозғаушы күші де өзгеріп отырады. 
Кезеңдердің ауысуы немесе ақыл-ой жетістіктеріне негізделген қоғам құру 
кейбір дамыған елдердің қалалары үшін қысқа уақытты алуы мүмкін, ал кейбір 
дамушы және мешеу қалған елдер үшін бұл процесс ұзақ уақытқа, тіпті 
ғасырларға созылуы ықтимал. Осы ретте Фанг келтірген жүйеге қазақстандық 
көзқараспен қарар болсақ, Қазақстан моноқалаларының, оның ішінде Текелі 
және Жезқазған секілді қалалардың қазіргі таңдағы жағдайы ресурс пен 
капитал жетекшілігі аралығында өтіп жатқанын аңғаруға болады. Аталған 
қалалардың «Моноқалаларды дамытудың 2020» бағдарламасына енуі, 
мемлекеттен мол қаржының бөлінуі – ресурс жетекшілігі кезеңінің «әлсіреп», 
капитал жетекшілігі кезеңіне «қадам басып» келе жатқанын айғақтай 


25 
түскендей.
Ал, COMEDIA (Ұлыбританиядағы инновациялық қалаларды зерттейтін 
беделді мекеме) негізін қалаушы Ч. Лэндри инновациялық қала құруға негіз 
болатын баламалы факторлар ішінен жеті элементті атап көрсетеді. Олар: 
жаңашыл тұрғындар, лидер болу және жігерлілік, адамдардың әртүрлілігі, 
данышпандық, жергілікті тұрғындардың өздерін жағымды сезінуі, қалалық 
кеңістік және инфрақұрылым, ғаламтор желісіне қолжетімділік 

60, p.67-87


Яғни, Лэндри еңбектеріндегі қаланың инновациялық қалыптасуында басты 
рөлді тұрғындардың қабілеттілігі атқаратынына мән беріледі.
Қаланың тұрақты инновациялық дамуы оның бәсекелестік басымдылығын 
айқындап береді. Ресейлік ғалым Т.А. Туминаның пікірі бойынша, тұрақты 
инновациялық даму деп инновацияларды енгізу нәтижесінде жүйенің бір 
тұрақты күйден екіншісіне өтуі жүзеге асатын даму нұсқасын атауға болады 
[18]. Осыны қамтамасыз ету үшін инновациялық қалаларға тән басты төрт 
алғышарттарды атап өтуге болады (2-сурет).
Сурет 2 - Қалалардың инновациялық даму әлеуеті 
 
Сонымен, инновациялық даму тек қана негізгі инновациялық үдеріс қана 
емес, оны жүзеге асыру үшін қажетті факторлар мен жағдайлардың тұтас 
жүйесін дамыту болып табылады.
Жалпы, инновациялық дамудың мәнін қарастырғанда, оның «тұрақты 
даму» ұғымымен тығыз байланыстылығын аңғаруға болады. Аймақтардың, 
оның ішінде қалалардың тұрақты дамуы әлеуметтік, экономикалық
экологиялық және басқару факторларына байланысты болатынын атап өтуге 
болады 

61

. Аталған қала негізін құрайтын 3 саланың (әлеумет, экономика, 
қоршаған орта) үйлесімділікте дамуы қала тұрақтылығына негіз болса, ақыл-ой 
әлеуеті жетістіктерінің қала негізін құрайтын салаларда көрініс беруі, өзара 
сабақтастығы тұрақты инновациялық дамуға бастама болады (3-сурет). 
Ел көлемінде және 
аймақтағы 
экономикалық 
белсенділік 
(экономикалық әлеует)
Ақпараттық 
технологиялардың 
жоғары деңгейде 
дамуы (ақпараттық 
әлеует)
Дамуға ықпал ететін 
табиғи- ресурстық 
тарихи-мәдени 
факторлар 
(инновациялық 
әлеует)
Жоғары деңгейдегі 
шығармашылық қабілеті
бар кәсіби мамандардың 
болуы (ақыл-ой әлеуеті)


26 
Сурет 3 – Қалалық ортаны тұрақты инновациялық дамытудың негізгі 
қағидалары 
Жоғарыда көрсетілген негізгі қағидалардың қалалық ортадағы өзара 
сабақтастығының әсерлері ретінде келесілерді атауға болады:
-
әлеуметтік әсері
, адами капиталдың дамуы - әлеуметтік инновацияның 
басты қозғаушы күші қызметін атқарады. Яғни, білім берудің сапасының 
артуы, денсаулық сақтау, біліктілігі жоғары жұмыс күшінің қалыптасуы, 
жетілген саяси және институционалдық орта – әлеуметтік қоғам дамуына негіз 
болады. 
-
экономикалық 
әсері, 
қалалар
 
ғылымды 
қажетсінетін 
тиімді 
экономикалық мамандануға көшеді және халықаралық еңбек бөлінісі үшін 
геоэкономикалық бәсекелестік күшейеді. Бұл жағдай қалалардың жаһандық 
креативтілік индексіндегі бәсекелестіктің артуына негіз болады.
-
экологиялық әсері, 
заманауи инновациялық қала ең алдымен «жасыл» 
қала болуы тиіс
.
Яғни, экологиялық талаптарға сай, қалдықсыз, өмір үшін 
қолайлы ортаға айналуы керек. Бұл - қала өміршеңдігін қамтамасыз етеді. 
Қалалардың инновациялық дамуы қағидаларының өзара байланысы 
кешенділікті құрайды және олар бір-бірінен оқшау қарастырылмауы тиіс. 
Олардың әрқайсысы тиімді болса, бірін-бірі күшейте түседі. Сондай-ақ, бір 
элементтердің әлсіздігі өзгелерінің тиімділігіне нұқсан келтіретін болады. Білім 
мен ғылым және ақыл-ой жетістіктеріне негізделген инновациялық дамуға 
көшу XXI ғасыр қалалары дамуының басты трендіне айналады.
Жалпы, инновациялық даму мәселесі бүгінде тек қалалардың ғана емес, 
ұлттық мемлекеттердің де басты даму стратегиясына айналған. Қоғамның 
әртүрлі салаларындағы жаңашылдықтар немесе жаңаша даму көрінісі 
инновациялық жетістіктермен бағаланатын бүгінгі қоғамда, инновациялық 
дамуға бетбұрыс жасау тиімді саналуда. Осы ретте, елімізде екі бесжылдыққа 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет