21
-
Дамыту мекемесі
аймақта жаңа технологияларды дамыту мәселесіне,
жұмыскерлерді және техникалық қызметкерлерді оқытуға, қайта оқытуға және
аймақтағы қала құрылысына жауап берді.
2.
Ірі кәсіп иелері жаңа технологияларды бірігіп қаржыландыруға міндетті
болды. Ал, ірі корпорациялар жұмыскерлерді
негізсіз жұмыстан шығаруға
құқығы болмады.
3.
Орта кәсіп иелері жаңа технологияларға негізделген кәсіпкерлікті
дамытуға көмектесуге міндетті болды [46, с.233].
Біздің ойымызша, мономаманданған қалаларды қайта құрылымдауда
Франция тәжірибесі біршама озық үлгі деп айтуға болады. Себебі, ірі және орта
кәсіпкерліктің қаланы қайта
құруға белсенді қатыстырылуы, нарықтық
экономика құруға атсалысуы қоғамның тұрақтылығына біршама әсер етеді.
Франциядағы моноқалалардың дамуында мемлекеттің жетекші рөл атқаруы,
жоғары жетістіктерге негізделген тиімділіктер тұрғысында Ф. Леденвик келесі
принциптерді ескерудің қажеттілігіне тоқталады:
а) өндірістік моноқалалардың алыс кешенді және қымбатқа түсетін
үрдістер бойынша өзгеруін тек мемлекет ұйымдастыра алады;
б) әрбір моноөндірістік
қалаларды дамытуға, оның ішінде, алыс кешенді
әлеуметтік-экономикалық жоспарын құруға тек мемлекет міндетті;
в) жергілікті әкімшілік моноқалаларды жаңғыртудың
сәтті орындалуына
және жергілікті кәсіпкерлікті қолдауға, қорғауға міндетті;
г) сыртқы және ішкі факторлар әсерінен болатын қауіп-қатерлерден
қорғауға, жергілікті халықтың тұрмыстағы жетістіктеріне жауапкершілікті
мемлекет өз мойнына алуы тиіс.
Моноқалалар – РФ-ның да өткір мәселелерінің бірі. Басым көпшілігі Кеңес
Одағы кезіндегі индустрияландыру кезеңінде негізі қаланған бұл қалалар саны
шамамен 400-ге жуық [50]. Әлеуметтік апаттық
жағдайда тұрған шағын
қалалардан таяу жылдары үлкен қалаларға көшушілер саны 15-20 млн-ға
жететіні болжанған. Аталған мәселені реттеу үшін, 2018-жылға дейін
моноқалаларды дамыту бағдарламасы жұмыс істеуде. Бағдарламаның басты
бағыттары: 1) моноқалалар
экономикасын әртараптандыру; 2) кәсіпкерліктің
дамуына және инвестиция тартуға жағдай жасау; 3) жаңа жұмыс орындарын
ашу; 4) моноқалалар өмірін қолайлы ету [51].
Бірақ жыл сайын федералдық
бюджеттен және моноқалаларды дамыту қорынан 10-15 қаланың ғана дотация
алып отырғанын ескерсек, таяу уақытта бұл мәселе РФ-да өзектілігін жоймасы
хақ. Осыны ескерген кейбір билік өкілдері моноқалалардан гөрі 12 миллионер-
қаланың жағдайын жасаған тиімді деп санайды [50]. Яғни, ғалымдар мен
биліктегілер мәселені шешудің 2 нұсқасын тиімді деп санайды: 1) болашағы бар
моноқалалардың дамуына жағдай жасау; 2) болашағы жоқ моноқалалар халқын
жұмыс күшін қажет ететін өңірлерге қоныс аудару.
Жалпы, Ресей ғалымдарының жұмыстарында мономамандануға негіз
болатын
критерийлер, оларды типке бөлу, оларға ұқсас елді-мекендерді
басқарудың стратегияларын жасау әрекеттері зерделенген. Осы ретте,
«моноқала» ұғымының теориялық мәнін анықтайтын
сапалық және сандық
категориялар тобына ерекше ерекше назар аударуға болады (2-кесте)
38, с.32
.