Алиаскаров думан тоқтарұлы қазақстан моноқалаларының инновациялық даму үрдістерін географияда оқытудың әдістемелік негіздері


«Инновациялық даму үрдістерін оқытудың теориялық негіздері»



Pdf көрінісі
бет11/62
Дата13.12.2022
өлшемі6,67 Mb.
#162633
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   62
Байланысты:
Aliaskarov D.T
1574347730325 (1)
«Инновациялық даму үрдістерін оқытудың теориялық негіздері» 
атты
бірінші бөлімде инновациялық даму үрдістерінің географиясы, оның 
тұжырымдық-түсіндірмелік негіздері және моноқалалардың инновациялық
даму үрдістерінің географиялық білім берудегі орны қарастырылып, соның 
негізінде Қазақстан моноқалаларының инновациялық даму үрдістерін 
географияда оқытудың мазмұндық-құрылымдық моделі құрастырылған. 
«Қазақстан моноқалаларының инновациялық даму үрдістерін 
географияда оқытудың әдістемесі»
атты екінші бөлімде географиялық білім 
беруде қалалар географиясын оқыту практикасын зерделеу нәтижесінде 
моноқалалардың инновациялық даму үрдістерін географияда оқытуды 
ұйымдастыруға талдау жасалып, Қазақстан моноқалаларының инновациялық 
даму үрдістерін географияда оқыту әдістемесі дайындалды. 
Қорытынды 
диссертациялық зерттеу нәтижелері бойынша қысқа 
қорытындыдан, қойылған міндеттердің шешімін табу тұжырымдарынан және 
алынған нәтижелерді нақтылы пайдалану бойынша ұсыныстардан тұрады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


13 

ИННОВАЦИЯЛЫҚ 
ДАМУ 
ҮРДІСТЕРІН 
ОҚЫТУДЫҢ 
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 
"Моноқала" және "инновациялық даму" ұғымдарының 
тұжырымдық-түсіндірмелік негіздері 
Қалалар - қоғамның барлық аумақтық жүйесінің маңызды бөлігі, елдің, 
халық шаруашылығының негізі болып саналады. Әлемдік тәжірибеде қалалар - 
ірі, орташа және шағын қалалар деп бөлінеді. Бұл типтерді анықтау кезінде 
әлемдік теория мен тәжірибеде қаланың көлемі (халқының саны), оның 
қызметінің мөлшері мен көлемі (көпшілік тұрғындарының негізгі қызметі) 
секілді негізгі критерийлер ескеріледі. Әлемдегі елдердің халық саны ұқсас 
болмағандықтан, қала деп есептелуіне қажетті ең аз халық саны да ұқсамайды. 
Мысалы, Данияда 250 адам, Канадада 1000 адам, Германияда 2000 адам, 
Малайзияда 10 000 адам болғанда барып қала деп есептеуге мүмкін болады. Ал, 
Қазақстанда және ТМД елдерінде егер елді мекендегі халық саны 12 мың 
адамнан кем болмаған жағдайда қалаға жатқызылады

34, б.36-37


Әлемдік тәжірибеде көптеген шағын қалалардың пайда болуы 
қаланың 
мамандану қызмет бағытының негізінде оның орналасуын түсіндіретін 
теориялық тұжырымдаманың 
ережелеріне сәйкес болған. Әсіресе, қаланың 
атқарымдық мамандануы теориясы шахтерлік немесе металлургиялық 
қалалардың пайда болуы кезінде айқын болды. Мысалы, РФ-ның Орал 
аймағында негізінен зауыт-қалалар құрылды. Кейбір қалалар осы атқарымды 
сақтап қалды, кейбіреулері – оларды жоғалтты немесе басқа атқарымдарды 
игерді. Мұндай қаланың басты айрықша ерекшелігі, оның өндірісті 
орналастыру жүйесіндегі мамандану факторларына тікелей тәуелділігі болып 
табылады. Әдетте, мұндай қалалардың аумағында жергілікті халықтың өмір 
сүру деңгейіне түпкілікті негізде әсер ететін бір немесе бірнеше кәсіпорындар 
қызмет етеді. Дәл осы қалалар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет