Алиаскаров думан тоқтарұлы қазақстан моноқалаларының инновациялық даму үрдістерін географияда оқытудың әдістемелік негіздері



Pdf көрінісі
бет12/62
Дата13.12.2022
өлшемі6,67 Mb.
#162633
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   62
Байланысты:
Aliaskarov D.T
1574347730325 (1)
моноқалалар 
немесе моноөнеркәсіптік қалалар 
атауына ие болды, яғни бір жақты мамандандырылған экономикалық базасы 
бар қалалар.
 
Бұл қалаларға, әдетте, қалалық қоныстың қызмет етуі мен қала 
тіршілігінің барлық маңызды аспектілеріне ықпал ететін, ірі қала түзуші 
кәсіпорынмен тығыз байланыстың болуы тән 

27, б.9-14


Қазіргі таңда бір салаға негізделген әкімшілік аумақтардың анықтамасы 
«моноқала» ұғымында қалыптасты. Бүгінгі күні қала құраушы кәсіпорындар 
қызметіне тәуелді және бір салалы (монопрофильді) экономикасы бар 
қалаларды сипаттайтын әртүрлі терминдер бар, бірақ бірыңғай жалпыға бірдей 
таным жоқ. Көптеген ғалымдар мен ғылыми ұйымдар «моноқала» ұғымының 
кеңістік ерекшеліктерін анықтайтын тиісті анықтамалар берді [35-38

. Әрбір 
анықтама үшін біз тиісті «топтық белгісін» белгілей аламыз және осы негізде 
моноқалалардың қолданыстағы анықтамаларын біріктіруге болады (1-кесте).
Кесте 1 - «Моноқала» ұғымының анықтамасы


14 
Ғалымдар 
және ғылыми 
ұйымдар 
Топтық белгісі 
Анықтамасы 



Гранберг А.Г.
Бір қала құраушы 
кәсіпорын 
Қала аумағында бір қала құраушы 
кәсіпорынның қызмет етуі 
Тургель И.Д.
Салалық құрылым 
дифференциациясының 
деңгейі 
Қаланың салалық құрылымындағы өндіріс 
пен жұмыспен қамтудың төмен деңгейдегі 
дифференциациясы 
Лаппо Г.П. 
Бір функциялы қала 
Қала қызметінде қандай да бір функцияның 
жетекші әрекет етуі 
«Сараптау 
институты» 
Сыртқы экономикалық 
ортаның қауіп-қатері 
теориясы 
Моноқала – елді-мекен, тұғындардың немесе 
ұйымдардың сыртқы экономикалық ортаның 
қауіп-қатеріне өз күштерімен «есесін 
қайыруға» дәрменсіздігі. 
Гурьева М.А. 
Бір салалы 
(монопрофильді) 
кәсіпорын мен 
халықтың өмір сүру 
деңгейінің өзара 
байланысы 
Тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық өмір 
аспектілері мен ірі қала құраушы кәсіпорын 
арасындағы тығыз байланыстың болуы, яғни, 
елді-мекен тұрғындарының тағдыры 
кәсіпорынның нарықтағы болашағына тәуелді. 
Маслова А.Н.
Мамандану 
Тар шеңберде мамандандырылған 
экономикалық базасы бар қала 
Кузнецова 
Г.Е. 
Бір саланың басым 
болуы 
Қаланың экономикалық базасының 
мамандануында қандай да бір өнеркәсіп 
саласының басымдықта дамуы. Мысалы: тау-
кен өндірісі, балық шаруашылығы және т.б. 
Нещадин А.А. 
Ірі орталық кәсіпорын 
айналасындағы 
техникалық 
байланысқан 
кәсіпорындар желісі 
Қаланың экономикалық базасын бір ірі 
орталық кәсіпорын құрайды және қалған 
бірнеше кәсіпорындар осы орталықпен 
технологиялық байланыста жұмыс жасайды. 
«Ресей 
қалаларының 
одағы» 
Тұрғындар өмірінің 
көрінісі 
Тұрғындардың өмірі мен табысы қала 
құраушы кәсіпорынның немесе кәсіпорындар 
тобының қызметімен тығыз байланысқан 
қоныстар. Мұндай қоныстарда экономикалық 
белсенді халықтың ¼ бөлігі біртекті өндіріспен 
байланысқан кәсіпорындарда қызмет етеді. 
RWAY 
сараптама 
орталығы 
Қала құраушы 
кәсіпорын және 
әлеуметтік үрдістер 
Іс жүзінде бірсалалы қалалардың 
(монопрофильді) экономикасындағы трендтер 
мен әлеуметтік үрдістер қала құраушы 
кәсіпорынның қызметі барысында анықталады. 
Д. Питбладо, 
Б. Леви 
Салалық 
Бір салаға негізделген қала 
К. Эхсани,
К. Тони,
Л. Карлсон 
Қала компаниялар 
Қала ірі компаниялардың меншігі көрінісінде 
болады. Мысалы, Янгстаундағы (Огайо штаты, 
АҚШ) Carnegie Steel компаниясы, Скотиядағы 
(Калифорния штаты, АҚШ) Pacific Lumber 
Company және т.б. 


15 
1 – кестенің жалғасы 



Д. Лидбитер,
Д. Магилл,
Р. Финер, Е.Нел, 
М.А. Аллистер
Кен өндіру саласына 
негізделген база 
Кен өндіру саласына маманданған 
қалалар 
Ч. Флойд 
Транспорттық белгілері 
Темір жолдары мен ірі көлік 
магистральдары бойында орналасқан 
шағын қоныстар. 
«Моноқала» ұғымын түсіндіретін анықтамалардың көпқырлы болуы 
мәселенің ауқымдылығын танытады. Бірақ та, барлық дерлік ғалымдардың
негізгі ой-ұстанымдары, әкімшілік аумақ (моноқала) пен біртұтас қала құраушы 
кәсіпорын арасындағы байланыстарды түсіндіруге негізделген. Ал, батыс 
теоретик ғалымдарының пікірінен келесідей тұжырым жасауға болады: 
«Моноқалалар өмірі бір салаға «байланған», яғни, қандай да бір саланың 
табысты болуы қаланың өмір сипатын анықтайды».
XX ғ-дың аяғындағы еліміздің нарықтық экономикаға бетбұрысы, 2008-
жылдары басталған бүкіләлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың әсері, 
елімізде «моноқала» ұғымының қоғамдық ортада кеңінен танылуына негіз 
болды. Әсіресе, бүкіләлемдік дағдарыстың салқыны шикізат ресурстарынан 
пайда тауып отырған елдерге қатты әсер етті. Әлемдік нарықтағы мұнай 
құнының құлдырауы, түсті металдарға деген сұраныстың азаюы - ресурсқа 
тәуелді Қазақстан үшін «жаңа» мәселенің күн тәртібіне шығуына негіз болды. 
Бұл – моноқалалардың мәселесі. Яғни, еліміздегі табиғи ресурстарды өндіруге 
және өңдеуге негізделіп құрылған бұл қалалардың экономикасы әртүрлі 
факторлар (саяси, қаржы-экономикалық т.б.) есебінен күрт құлдырауға көшті. 
Нәтижесінде еліміздегі 60-қа жуық шағын қалалардың басым көпшілігі 
депрессиялық өңірге айналды.
ҚР БжҒМ ҒК Экономика институтының
ғалымдар тобы
Қазақстанның 
барлық шағын қалаларына ортақ экономикалық дамудың негізгі мәселелерін 
бөліп қарастырады 

27, б.20

. Олар:
-
өнеркәсіптің бір түрі басым келетін қалалық қоныстардың болуы, бұл 
қоныстардың қала түзуші кәсіпорынға толық тәуелділігін білдіреді
-
экономикалық базаның шектелуі және білікті кадрлар мен инвестициялар 
тартудағы тиімсіз бәсекелік жағдайлар;
-
көпшілік 
өнеркәсіптік 
кәсіпорындардың 
технологиялық 
артта 
қалушылығы, негізгі қорлардың жоғары деңгейде тозуы, еңбекті қолдану 
орындарының жетіспеушілігі мен жұмыссыздықтың артуы; 
-
қолайсыз демографиялық ахуал – жастардың ірілеу қалаларға көшуі, 
халықтың табиғи кемуі, денсаулық сақтаудың төменгі даму деңгейі;
-
әлеуметтік-мәдени саланың жеткілікті деңгейде дамымауы және 
инженерлік-инфрақұрылымдық объектілердің төменгі даму деңгейі. 
Бір салаға маманданған шағын қалалардың мәселесін шешу және ұзақ 
мерзімді дамыту 2012 жылдан бастап қолға алынды. ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 


16 
25 мамырдағы №683 қаулысы негізінде «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 
жылдарға арналған бағдарламасы» қабылданды 

33

. Бағдарламаға еліміздің әр 
өңірінен Текелі мен Жезқазған секілді мономаманданған 27 қала 
қатыстырылды. Бағдарламаның басты мақсаты – моноқалаларды орта және 
ұзақ мерзімді перспективада орнықты әлеуметтік-экономикалық дамыту. 
Бағдарламада алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттерді 
орындау қарастырылған: 
1. Моноқалаларды тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың 
өндірістік сыйымдылығына байланысты оңтайландыру. 
2. Моноқалалар халқының жұмыспен қамтылуының оңтайлы құрылымын 
қамтамасыз ету үшін экономиканы әртараптандыру әрі шағын және орта 
бизнесті дамыту. 
3. Моноқалалардың еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру, жоғары 
әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті бар елді мекендерге және 
экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен көшуді ынталандыру. 
4. Моноқалалардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын 
халықтың оңтайлы санына сәйкес дамыту. 
ҚР Өңірлік даму министрлігі дайындаған бұл құжатта моноқаланың негізгі 
белгілері ретінде келесідей сипаттама берілген:
Моноқала – бұл бір немесе бірнеше (көп емес) қала құраушы кәсіпорыны 
бар, бір бейінді және шикізаттық бағыттағы қала. Яғни, экономикалық және 
әлеуметтік жағдайын айқындайтын кәсіпорындарда еңбекке жарамды 
халықтың және өнеркәсіп өндірісінің негізгі бөлігі (20%-дан астамы) 
шоғырландырылған қала. 
Қала түзуші кәсіпорын қызметіне тәуелді шағын қалалар елімізде және 
ТМД елдерінің басым көпшілігінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет