Алиаскаров думан тоқтарұлы қазақстан моноқалаларының инновациялық даму үрдістерін географияда оқытудың әдістемелік негіздері



Pdf көрінісі
бет25/62
Дата13.12.2022
өлшемі6,67 Mb.
#162633
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   62
Байланысты:
Aliaskarov D.T
1574347730325 (1)
қызмет көрсету-өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы бағытын 
анықтағанда Қытайдың басқа елдерден айырмашылығы ретінде ауыл 
шаруашылығы мәдениетінің дәстүрін атаған. Осы мәдениет ықпалымен еңбек 
және өмір сүру салты қалыптасқан, Қытай ауыл шаруашылығы жүйесінің 
бірегей дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары бар. Сондықтан Қытайдың шағын 
қалалары үшін ауыл шаруашылығын сақтап қалу үлкен маңызға ие. Ауыл 
шаруашылығы өнімінің құнын арттыру,еңбекке ауыл және қалалық халықты 
тартуға тырысу керек. Шағын және орта қалаларға тән ауыл шаруашылығын 
дамытудың ұзақ жылдар өзгеріссіз келе жатқан фермерлік мәдениеті бар [89]. 
Сол себепті, Қытайдың шағын қалалары үшін агроөнеркәсіптік кешенді 
дамытудың артықшылықтары бар.
Қытайдың 
шағын 
қалаларын 
дамытуда 
қалалық 
жобалаудың 
шығармашылық бағытының 
маңызы зор, себебі ұзақ жылдар бойы шағын 
қалалардың құрылысы және құрылыс стилін елемеушілік басым болды. 
Нәтижесінде, шағын қалалар үлкен қалаларға стилі жөнінен көзсіз еліктей 
бастады. Бұл бағытта мынадай мәселелер ескеріледі: 
Біріншіден,
жергілікті ерекшеліктері ғана емес, шағын қаланың өзіндік 
келбетін қалыптастыру арқылы өміршеңдігін және тартымдылығын арттыру аса 
маңызды.
Екіншіден,
қала ерекшеліктері табиғи ландшафтқа сәйкес қалыптасуы тиіс. 
Ландшафт шағын қалаларда түрліше сипат алған: таулар, жасыл желекті 
алқаптар және көлдер, өзендер бар. Бұл табиғаттың жомарт сыйын сақтап қалу 
үшін қаланың бастапқы кеңістіктік үлгісі сақталуы тиіс.
Үшіншіден,
шағын қалаларды сәулет стилін сақтау үшін қажет. Бірегей 
түсті және сәулет стильдері адамдарға қатты әсер беруге бейім. Алайда, 
Қытайда шағын қалалар жиі осы мәселені елемейді: үй сіріңке қорабына сияқты 
көрінеді және барлығы бірдей биіктікте, өзіндік айшық жетіспейді.
Төртіншіден,
Қытай қалаларында жоспарлау мен құрылыста дәстүрлі Фэн 
Шуй қалалық конструкцияларын пайдалануға болады.
Шағын қалалардың тартымдылығын арттыру үшін нақты құрылыстар 
салу.
Қытайдың үлкен қалаларында қазір жер ресурстары тапшылығы сезілуде. 
Осы себепті кейбір халыққа қызмет көрсететін арнайы нысандарды салуға 
жағдай жоқ. Әзірге, қалалық және ауылдық аудандар арасындағы өтпелі зонада 
орналасқан шағын қалалар салыстырмалы ыңғайлы орналасуы, бай жер 
ресурстары мен жағымды экологиялық ортасы сияқты кейбір артықшылықтарға 
ие. Қытай ғалымдары аталған артықшылықтарды үлкен қалалар мен ауыл 
тұрғындары үшін «жалпыға қызмет» ретінде тиімді пайдалану қажет деп 
санайды. Ол үшін зейнеткерлер санаториясы, оқу-тәжірибелік базалар, еңбек 
лагерлері және т.б. қажетті қоғамдық нысандар салу арқылы ауыл және қала 
халқы үшін шағын қалалардың тартымдылығын арттыруға болатынын 
болжайды.


53 
Батыста моноқалалардағы еңбек ресурстарын оңалтудың және қолдаудың 
кеңінен таралған бірден-бір тетігі - қаланың тәмамдалған функционалдық 
қызметін қайта құрылымдау болып табылады. Моноқала экономикасын қайта 
құрылымдауды жүзеге асырудың екі жолын көрсетуге болады: 
1.
экономиканы әртараптандыру (диверсификация): экономика секторын 
және жаңа қызметтерді дамыту, соның ішінде, ғылымды қажетсінетін өндірісті 
және әлемдік экономиканың үшінші секторы - үйлесімді қызмет көрсетудің 
ролін күшейту. 
2.
«ескі» өнеркәсіп салаларын жаңарту есебінен моноқалалар экономикасы 
құрылымын қайта құру [71, р.60; 87].
Cонымен қатар, туризм және іскерлік орталықтарын құру, инновациялық 
технологияларға негізделген кластерлік тәсілді жүзеге асыру, қызмет көрсету 
секторын дамыту, ландшафттық қайта құрылымдау және т.б. ЕО елдерінің 
басты стратегиялық даму мақсаттары саналды.
Әртараптандыруды біртіндеп жүзеге асыру, жоғары технологияға 
негізделген өнімдер өндіру, ландшафттық құрылымдау, баламалы энергия 
көздерін табу, технопарктер құру секілді тәсілдер Германия тәжірибесінің негізі 
саналды. Мұнда өнеркәсіптік моноқалаларды қайта құрылымдауға қатысты ірі 
AS&P корпорациясы ұсынған жоспарды атауға болады [46, с.231]. Аталған 
бірлестік ұсынған Германияның өнеркәсіптік моноқалаларын жаңғыртудың
жоспары мынадай кезеңдерді қамтиды (16-сурет). 
Сурет 16 - Германияның өнеркәсіптік моноқалаларын қайта құрылымдау 
жоспары (Т. А. Коновалова 
материалдары бойынша құрастырылды)
AS&P корпорациясы құрастырған осы тектес кешенді жоспарлар Германия 
үкіметіне беріледі, кеңінен көпшілік талқылауынан өтіп, бекіген соң аталған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет