Алиаскаров думан тоқтарұлы қазақстан моноқалаларының инновациялық даму үрдістерін географияда оқытудың әдістемелік негіздері



Pdf көрінісі
бет28/62
Дата13.12.2022
өлшемі6,67 Mb.
#162633
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   62
Байланысты:
Aliaskarov D.T
1574347730325 (1)
Бірінші бөлім бойынша тұжырым 
«Инновациялық даму үрдістерін оқытудың теориялық негіздері» деп 
аталатын бірінші бөлімде: 
-
біздің сөздік қорымызға таяу жылдары қосылған "моноқала" және 
"инновациялық даму" ұғымдарының мән-мағынасы түрлі ғылыми еңбектерді 
және мемлекеттік даму стратегиялары мен бағдарламарын талдау негізінде әр 
қырынан түсіндірілді. Ақпарат пен білім басты стратегиялық ресурстарға 
айналып отырған бүгінгі қоғамда қалалардың мономамандануы, яғни, тұтас 
қаланың бір салаға немесе қала құраушы кәсіпорын қызметіне тәуелді болуы 
тиімсіздігін дәлелдеді. Әлемнің көптеген елдерінің тәжірибесін талдау, осындай 
тұжырым жасауымызға негіз болды. Сонымен қатар, қоғам дамуында жетекші 
рөл атқаратын «инновациялық даму» мәселесіне қатысты, экономист, географ, 
урбанист ғалымдардың еңбектері талданды. Бұл жұмыстардың көпшілігі 
қалалар мысалында орындалды. Ол бойынша, инновациялық қала дамуының 
стратегиялық кезеңдері анықталып, қалалардың инновациялық даму әлеуетіне 
негіз болатын алғышарттар жасалды және қалалық ортаны тұрақты 
инновациялық дамытудың негізгі қағидалары айқындалды; 
-
зерттеу жұмысымызға негіз ретінде алынған моноқалалардың 
инновациялық даму үрдістерін географиялық білім беруде оқытудың өзекті 
мәселелері талданды. Қазіргі таңда елімізде жүзеге асырылып жатқан 
жаңартылған мазмұндағы географиялық білім берудегі орны айқындалды. 
Жаңартылған мазмұндағы білім берудің оқу мақсатына сәйкес Текелі және 
Жезқазған моноқалаларының инновациялық инфрақұрылымының жағдайын 
талдап, дамыту жөнінде ұсыныстар әзірленді. Мәселелерді шешу жолдары 
ұсынылды; 


59 
-
моноқалалардың инновациялық даму үрдістерін географияда оқытудың 
мазмұндық-құрылымдық моделі құрастырылды.
Мақсаттық, мазмұндық, 
технологиялық және бағалау-нәтижелік блоктардан құрылған бұл модель 
моноқалалардың инновациялық даму үрдістерін географияда оқытудың 
әдістемесін жетілдіріп, пәнді игерудегі мақсаттарға тиімді қол жеткізуге, 
ғылыми дүниетанымның қалыптасып, дамуына оңтайлы нәтиже көрсетеді. 
Ұсынылған модель мазмұнына сай әлемдік тәжірибеде инновациялық 
жетістіктерімен ерекшеленген шағын қалалардың даму үлгілеріне қатысты 
деректер талданды. Бір салалы қалалар (монопрофильді) дамуының тарихи-
географиялық аспектілерін зерделеу негізінде, ескі өнеркәсіптік қалаларды 
әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың іс-шараларының кешені нақтыланды. 
Аталған іс-шаралар жоспарын Қазақстан моноқалаларын жаңғыртуда үлгі 
ретінде пайдалануға болады. Зерттеу барысында алынған нәтижелерді 
географиялық білім беруде және қалаларды дамытуға қатысты шешімдер 
қабылдауда пайдаланудың маңызы зор. Орындалған ғылыми-зерттеу 
жұмысының нәтижелері өндірісте және оқу үрдісінде пайдалуға ендірілді 
(Қосымша А). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет