|
Науқасты ультрадыбыстық тексеруге дайындау (УДЗ)
|
бет | 174/216 | Дата | 15.04.2022 | өлшемі | 0,57 Mb. | | #139423 |
| Байланысты: Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. ХНауқасты ультрадыбыстық тексеруге дайындау (УДЗ)
Іш қуыс мүшелері (бауыр өт қабы, ұйқы безі) және бүйрек
Мақсаты: Науқасты сапалы тексеруге дайындауды қамтамасыз ету
Көрсетім: іш қуысының және бүйректің аурулары
Жабдықтау: Дәрігер тағайындаған препараттар,орамал,жаялық
Ультрадыбыстық тексеруді дәрігер жүргізеді,ал мейірбике науқастың дайындығын қамтамасыз етеді.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
Науқасқа тексерудің барысы мен мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз.
Дайындық ережесін бұзбауын ескертіңіз.
Науқасқа тексерудің ашқарынға жүргізілетінін ескертіңіз
Науқасқа тексеруге 2 – 3 күн қалғанда оның тағамдық рационынан газ түзетін тағамдарды (көкөністер,жемістер,сүт тағамдары,қара нан,жеміс шырындары), іш өткізгіш дәрілерді алып тастау.
Тексеру қарсаңында науқас метеоризм болса, дәрігер тағайындауымен препараттарды қабылдайды.
Тексеруден 18 -20 сағат бұрын науқас тамақ қабылдауды тоқтатуы қажет.
Тексеріс қарсаңында кешке тазалау клизмасын қойыңыз. Тексеру алдынан шылым шегуге болмайды.
УДЗ - ге науқас өзімен бірге орамал мен жаялық алып кіреді.
Науқасты ауру тарихымен бірге УДЗ кабинетіне жеткізіңіз.
Тексерістен соң науқасты бөлмесіне алып келіңіз.
Кіші жамбас қуысындағы мүшелердің (өт қабы,ұйқы безі,жыныс мүшесі) УДЗ - де :
- Науқастан тексеруге дейін кіші дәретке отырмауын сұраңыз).
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|