Асқазанды және он екі елі ішекті рентгенологиялық тексеруге науқасты дайындау Асқазан және он екі елі ішек рентгенологиялық тексеру Бұл рентген сәулелерімен қуыс ағзаларды контраст затты қолдану арқылы тексеру (барии сульфаты)
Мақсаты: асқазан және он екі елі ішектің көлемін, ұзындығын, орналасуын диагностикалау, рентгеноскопия және рентгенография,эрозия, жара, ісіктер анықтау; асқазанның шырышты қабатының функционалдық жағдайын; эвакуаторлық қабілетін анықтауға мүмкіндік туғызады.
Көрсетім: асқазан және он екі елі ішек аурулары.
Қарсы көрсетім: жаралардан қан кетулер.
Жабдықталуы: Эсмарх кружкасы, залалсыздандырылған ұштық, вазелин, шпатель, клеенка, жаялық, штатив, барий сульфатының қоспасы (100-150 г), резеңке қолғаптар, жолдама (тексеру әдісін, науқастың аты жөның, жасын, мекен жайын немесе ауру тарихының нөмірін, диагнозын, тексеру күнін көрсетіңіз), залалсыздандырушы ерітінді, дәретсауыты. Рентгенологиялық тексеруді дәрігер жүрізеді.