Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х


Теріні сүрту (қалі ауыр науқастардың терісінің күтімі)



бет43/216
Дата15.04.2022
өлшемі0,57 Mb.
#139423
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   216
Байланысты:
Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х

Теріні сүрту (қалі ауыр науқастардың терісінің күтімі)
Қалыпты қызмет істеу үшін тері таза болу керек. Теріде жиналатын тері безде іріңнің секреттерімен, шаң және микробтармен тері қабаттарының ластануы іріңді бөртпелерге, тері қабаттарының түсуіне, жараларға, ойыңтарға әкеп соғады.
Төсек жағдайындағы науқастарға мейірбике легенге су құйып, жуынуға көмектеседі. Қалі ауыр науқастардың терісін кем дегенде тәулігіне 2 рет сүртіп, тазалап отыру қажет.
Назар аударыңыз! Судың температурасы 36-37 0 С болу керек.
Мақсаты : Науқастың жеке бас гигиенасын сақтау.
Көрсетім: Төсек тәртібіндегі науқас.
Жабдықтау: мақта тампондары, сүлгі, салқын және ыссы су, медициналық термометр, леген, қолғаптар.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1. Жылы суға батырылған губка арқылы науқасты жуындырыңыз (бетін, мойнын, қолдарын). Сосын теріні құғақ орамалмен кептіреміз.

  1. Науқастың терісін жылы суға немесе антисептик ерітіндісіне батырылған орамал ұшымен күніне 2 рет сүртіңіз (камфор спиртінің 10% ерітіндісі, сірке ерітіндісі 1 стакан суға 1
    қасық, 70% этилспирті, 1% салицил спирті). Терісі кепкенше сүрту керек.

  2. Әсіресе жақсылап әйелдердің сүт бездерінің астындағы тері қабаттарын жуып кептіріңіз.

  3. Ауыр жағдайдағы науқастың аяғын аптасына екі-үш рет легенде жуыңыз, легенді төсектің аяқ жағына орналастырыңыз.

  4. Науқастың тырнақтарын тұрақты түрде аптасына бір рет алып отырыңыз, теріні жарақаттап алмау үшін кішкентай қайшы қолданыңыз.

Жалпы тәртіптегі науқастар егер, қарсы көрсеткіштер болмаса ваннада немесе себезгіде 7-10 күн ішінде 1 рет жуынуға болады.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!
Әсіресе тері қыртыстары мен ойылу пайда болатын жерлерге мұқият күтім жасау керек.Тері баздануының алдын алу үшін тері қыртыстарын вазелин майымен немесе қайнатылған өсімдік майымен майлап тұру керек, немесе ұнтақ себу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет