Байланысты: Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х
Есірткілік дәрілерді сақтау және есептеу ережелері Дәріханадан емдеу бөлімшесіне есірткілік препараттар бас дәрігердің қолы қойылған ЕАМ мөрі басылған талап (3 дана) ету құжатымен жазып алынады. Бөлімшеде есірткілік препараттардың қоры 3 – күннен , улы заттардың – 5 күннен, қатты әсерлі – 10 күннен аспауы тиіс.
Есірткілік дәрілер есігінің ішкі бетінде қолданылатын препараттардың тәуліктік дозалары көрсетілген тізімі бар сейфте сақталады.
Есірткілік заттарды бұйымдық-сандық есептен өткізеді.
Сейфтің кілті ЕАМ басшысы бұйрығымен бекіткен «А» тобы дәрілік заттарын сақтауға және беруге жауапты адамда сақталады және кезекшілікті тапсырған кезде бір-біріне тапсырады.
Науқасқа есірткілік дәрілерді дәрігердің нұсқауы бойынша және оның қатысуымен ғана енгізеді.
Есірткілерді енгізу туралы сейфте сақталатын есірткілік заттарды есептеу журналында жазу қажет. Есірткілерді есептеу журналының барлық беттерін нөмірлеп, бау өткізіп, баудың бос ұштарын журналдың соңғы бетіне қағазбен жабыстырады. Бұл қағазда журнал беттерінің саны көрсетіліп, ЕАМ басшысының немесе оның орынбасарының қолы мен мөрі қойылады.
Әрбір дәрілерді есептеу үшін төмендегідей бөлек беттер бөлініп жазылады:
Емдеу мекемесінің атауы КІТАП /ЖУРНАЛ/
Бөлімше мен кабинеттегі наркотикалық дәрілік заттардың есебі
Дәрілік заттың атауы
Өлшем бірлігі
Наркотикалық дәрілерден босаған ампулдарын лақтырмайды, оларды жинап, қолданылмаған ампулдармен бірге қосып кезекшілікті тапсырған кезде бір- біріне тапсырады, соңында бос ампулдар аға мейірбикеге тапсырылады.
Есірткілерден босаған ампулаларды тастамайды. Оларды жинап, қолданылмаған ампулалармен бірге қояды. Соңында бос ампулалар аға медбикеге тапсырылады.Сейф кілтін беру кезінде қолданылмаған және бос ампулалардың нақты санын есептеу журналындағы жазумен сәйкестігін тексереді. Кілтті берген және алған кезде журналға қолдарын қояды. Есірткілерден босаған ампулаларды аға медбике ЕАМ басшысы бекіткен арнайы комиссия акті бойынша тапсырады. Ампулалар комиссияның көзінше жойылады.