Өкпенің жасанды тыныс алуы(ӨЖТА) Мақсаты: тыныс алуды қалыпқа келтіру
Көрсетім: тыныс алудың тоқтауы
Жабдықтар: салфетка (қол орамал), секундтық тілі бар сағат.
ӨЖТА-ын жапа шеккен кісінің өкпесіне ауаны белсенді түрде үрлеу әдісімен жүргізеді.
ӨЖТА міндеттері - өкпе альвеолалары тыныс алуы жойылған немесе әлсіз көлемін алмастыру немесе орнын басу.
ӨЖТА-ын бірнеше әдістермен жүзеге асыруға болады. Соның ішіндегі ең қарапайым әдісі - "ауыздан мұрынға", "ауыздан ауызға" әдісімен өкпеге жасанды вентиляция жасау болып табылады.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1. Тыныс алу жолдарының өтімділігін қамтамасыз етіңіз.
Қолдың 1-2-ші саусақтарымен науқастың мұрнын қысып,өкпені "ауызбен-ауызға" әдісімен жасанды түрде тыныс алдырыңыз.
Емделуші басы шалқайған күйінде сүйеп отырып шегініңіз. Ырықсыз дем шығарудың жүзеге асырылуына мүмкіншілік беріңіз. Кеуде торы орнына түсіп, бастапқы қалпына келген кезде, циклді қайталаңыз.
Тыныс алу ұзақтығы дем шығару ұзақтығына қарағанда 2 есе қысқа болуы керек. Үрлеу жиілігі орташа есеппен алғанда минутына 12-14 рет болуы керек.
ӨЖТА "ауыздан мұрынға" әдісімен жүргізген кезде, емделуші жағдайы өзгермейді, бірақ емделуші аузын жабады, сонымен қатар төменгі жағын алға қарай жылжытады. Ол тілді жұтудың алдын-алу үшін жүргізілетін шара. Үрлеуді науқастың мұрны арқылы жүргізеді.